Алексей Полторанин спорттан 4 жылға шеттетілді

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин спорттан 4 жылға шеттетілді. Бұл туралы Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) сайтында хабарлады.

"Допингке қарсы талаптарды бұзғаны үшін 2020 жылғы 2 қаңтардағы шешіммен эстондық шаңғышылар Карела Таммъярва, Андреаса Верепалу, жаттықтырушы Мати Алаверу және қазақстандық Алексей Полторанин төрт жылға спорттан шеттетілді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 27 ақпанында Хайо Зеппельт есімді журналист twitter әлеуметтік желісінде Аустрияның Зеефельде қаласында шаңғы жарысынан өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан, Аустрия мен Эстония спортшылары антидопингтік ережелерді бұзды деген күдікке ілінгенін жазды. Олардың қатарында Алексей Полторанин да бар еді.