Алматыда пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты өтті

Алматыда пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты өтті
Фото: vk.com

2019 жылдың 23-24 қараша күндері «Атакент» ҚІЫО-да өткен пауэрлифтинг бойынша жарыста 250-ден астам спортшы арқаға штанга салып отырып-тұру, штанганы көлденең орындықта жатып көтеру мен штанга тарту тәрізді үш жаттығу бойынша бақ сынады.

- Биылғы чемпионатымыз Мәскеуде 4-8 желтоқсанда болатын Әлем чемпионаты қарсаңында өтті. Екі күндік Республикалық біріншілікте қатысушылар өте жақсы нәтиже көрсетті. Біздің команда әлемдік турнирде жоғары деңгейде өнер көрсетуге дайын екеніне сенімім мол, - дейді WRPF Kazakhstan федерациясының президенті Валихан Тен.

Екі күндік жарыста ерлер арасында 75 алқалар жиынтығы және әйелдер арасында 32 алқалар жиынтығы ойнатылды. Ерлер арасында 110,0 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Қарағанды қаласынан келген Виктор Буйко 837,5 кг жалпы салмақ көтеріп (320 кг отырып-тұру, 217,5 кг жатып көтеру, 300 кг штанга тарту) жеңіпаз атанды.

Әйелдер арасында 82,5 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Алматы қаласынан Дарья Нестерова 500 кг ең ауыр жиынтық салмақ (205 кг отырып-тұру, 105 кг жатып көтеру, 190 кг штанга тарту) көтерді. Барлық нәтижелерді http://wrpf.kz/ сайтынан көруге болады.

Қатысушылар арасынан тек спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын ғана емес, сонымен бірге спорттық клубтарды, тіптен олардың отбасы мүшелерін де кездестіруге болады. Осылайша, Валентина Тарасова бірнеше жыл бойы жарыстарға анасы және жолдасымен бірге қатысып жүр.

– Мен пауэрлифтингпен айналысқаныма 3 жыл болды. Алдымен тек қана штанганы жатып көтеру бойынша өнер көрсеттім. 2016 жылы штанганы көлденең орындықта жатып көтеру бойынша абсолютті әлем чемпионы атандым. Бірте-бірте мен бірден үш қимылға қызығушылық таныта бастадым. Бұл өте әдемі қозғалыстар, олар қызды сау және күшті ғана емес, сонымен қатар әдемі етеді. Мен 2017 жылы пауэрлифтингтен әлем чемпионы атандым. Осы спорт түрінде алдағы уақытта да өнер көрсетуді жоспарлап отырмын.

Біздің отбасымызда менің анам да спортпен шұғылданады. Ол 70 жастан асқан спортшылар арасында штанганы көлденең орындықта жатып көтеру бойынша өнер көрседі. Қазір анам 72 жаста. Ол спорттын бұл түрімен шамамен 5 жыл айналысады, - дейді пауэрлифтингтен әйгілі чемпионы Валентина Тарасова. Айта келгенде, Валентина Тарасованың жұбайы штанганы жатып көтеруден, күштік қоссайыстан әлем вице чемпионы.

Қазақстан Республикасы Чемпионатының бас серіктесі - ККК Team инвестициялық компаниясы. Құрметті серіктес – «Атакент» ҚІЫО. Жарыстың ресми суы – A’SU.

Жарыс ұйымдастырушылары – Қазақстанның Бүкіләлемдік пауэрлифтинг федерациясы (WRPF Kazakhstan), «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қоры, Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры, World Class Almaty фитнес-клубы, мультиспортттық #СеніңБасқаҚырыңYouTube-каналы.

А. Оралқызы