Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Қазақстандағы ММА спортының даму жайы қалай?

Қазақстандағы ММА спортының даму жайы қалай?

Қазақстандағы ММА спортының даму жайы қалай?

Неліктен қазақстандық ММА спорты әлемдегі ең үздік саналады? «Жауынгерлік код» дегеніміз не? Жекпе-жек өнерін қай жаста бастауға болады? ММА олимпиадалық спорт түріне кіре ме? Осы және басқа да сұрақтарға ММА аралас жекпе-жектер федерациясының президенті Ғалымжан Есенов және федерацияның бас директоры Валихан Тен жауап береді. 

- Ғалымжан Шахмарданұлы, Сіз 2018 жылы федерация басшылығына келдіңіз. Алайда, біздің білуімізше, бұл ұйым 2013 жылдан бері жұмыс істейді. Сіздің келуіңізбен не өзгерді?

Ғ.Есенов: Ия, шынымен де, ММА Қазақстанда 2013 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Бірақ  2018 жылдың желтоқсанына дейін елімізде үш жекеленген ММА федерациясы жұмыс істеді. Бұрынғы командамен, яғни MMA энтузиасттарымен керемет жұмыс жасалған және біздің команда келген кезде айтарлықтай жақсы тәжірибелері болды. Алайда кез-келген спорт түріндегі орталықсыздандырухаосқа айналмаса, үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Басқа сөзбен айтқанда, ММА аралас жекпе-жек өнері сияқты танымал спорт түрінің дамуында елімізде дағдарыс туындады. Кеудемсоқтық өз алдына, бірақ дамудың жаңа деңгейіне шығу үшін бірігу қажет екені бәріне айтпай-ақ түсінікті болды. Және солай жасалды. 2018 жылдың желтоқсанында жекпе-жек өнері қауымдастығының бастамасымен барлық аралас жекпе-жек федерациялары ортақ стратегия бойынша бір құрылымға кірді.

- Ал қазір Біріккен Федерацияның құрылғанына 9 айдан асты. Бұл бірігу оң нәтижесін берді ме? 

Ғ.Есенов: Әрине, берді. Біріншіден, біз біріккен федерация үшін біртұтас миссия мен стратегиялық мақсаттарды жасадық. Ең бастысы, біз IMMAF халықаралық ұйымының лицензиясын алдық. Бас директорымыз Валихан Тен барлық аймақтық федерацияларды аралап, еліміздің 13 аймағына барып, әр басшымен және жаттықтырушымен жеке сөйлесіп, барлық ережелерді бірыңғай стандартқа келтірді. Бұл өте қиын психологиялық жұмыс болды. Осыдан кейін, хаттама түрінде тараптар «келісімге» келді. Ұлттық құраманы құру туралы мәселе туындады. Қазақстанның жекпе-жектер ассоциациясы мен Қазақстан ММА Біріккен Федерациялары Ассоциациясының қолдауымен Біріккен Қазақстан Чемпионатын ұйымдастырдық. Оған елдің барлық аймақтарынан 230 спортшы келді. Чемпионат нәтижесі бойынша 13 аймақтан 32 спортшы іріктеліп алынды (2018 жылы командада 8 аймақтан 28 спортшы болды). Осылайша ұлттық құрама құрылды. Бір-екі айдан кейін құрамамыз Тайландқа барды. Сонымен не болды? Шабыт сыйлаған сәттілік! Қазақстанның ММА құрамасы Азия чемпионатын жеңіп алды. Біздің спортшылар рекордтық жалпы саны - жеті алтын, тоғыз күміс және бес қола медальды қанжығаларына байлады. Жалпы 2019 жылдың 9 айында команда халықаралық турнирлерден 31 медаль әкелді. Салыстыра кетсек: 2018 жылы барлығы 9 медаль болды.

- Таңдандырарлық нәтиже...

Ғ.Есенов: Бұл, былайша айтқанда, медальдың жарқын жағы. Бұл жеңістердің артында ұйымдастырушылардың үлкен жұмысы тұр. Осындай қысқа мерзім ішінде қандай жұмыс атқарылғанын өзіңіз жорамалдап көріңіз. Мен жоғарыда айтқанымдай, бас директор аймақтардағы барлық федерацияларды аралап көрді. Сонымен қатар, жаттықтырушылар құрамын бекіттік. Елімізде 5 ірі турнир ұйымдастырып, өткіздік. 2 халықаралық турнирге қатысып, 5 оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Сондай-ақ, Қазақстанның ММА тарихында алғаш рет жастар құрамасы құрылды.

Жыл басынан бері 30 жауынгер спорт шебері атағын алды, 7 спортшы халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды. Қазақстандағы аралас жекпе-жектің даму тарихында тұңғыш рет республиканың жеті аймағынан келген жаттықтырушыларға I дәрежелі жоғары санаттар берілді. Жақында IMMAF өкілдерін қабылдаймыз. Олар ұлттық құраманың жаттықтырушыларына арналған семинар өткізеді. Ең бастысы: қазір біздің мамандар ММА бойынша нұсқаулық әзірлеуде. Мұндай нұсқаулық Қазақстанда әлі болған жоқ.

- Валихан, біз қазақстандық жауынгерлердің әлемдік рейтингте көш бастап тұрғанын білеміз. Ұжымның жетістігі туралы толығырақ айтып берсеңіз және жақын арада бізді не күтеді?

В.Тен: Ия, қазір біз біріншіміз. Мамыр айында біздің команда Азия чемпионатында абсолютті командалық біріншілікті жеңіп алғаннан кейін, Қазақстан тарихта тұңғыш рет MMA әлемдік рейтингінде жоғары көтерілді. Бұл тізімге жалпы саны 58 ел ұсынылғанын атап өтейін. Бізден кейін Бахрейн, ал Швеция үшінші орында тұр. ТОП-10-та Жаңа Зеландия, Ресей, Австралия, Англия, Оңтүстік Африка Республикасы, АҚШ және Мексика командалары бар. 

Тағы бір маңызды жеңіс деп мен тамыз айында Италияда өткен Әлем кубогына қатысып, Қазақстанға 4 күміс және 4 қола жүлде әкелген жаңадан құрылған жастар құрамасының өнерін бағалаймын. Жігіттер ауыр жекпе-жекте өз медальдарын алды. Кесте өте тығыз болғандықтан, команданың әр мүшесіне бірнеше сағат ішінде әлемнің ең үздік спортшыларымен үш-төрт жекпе-жек өткізуге тура келді. Алайда біз одан сүрінбей өтіп, мақтанарлық нәтиже көрсеттік.

Жылдың аяғына дейін жоспар құрып қойдық. Біраз күннен кейін M-1 Challenge 105 халықаралық турнирін, содан кейін желтоқсан айында ММА бойынша Қазақстан Кубогын өткіземіз. Әрине біздің команда қарашадағы Бахрейнде өтетін әлем чемпионатына да дайындық үстінде. Қазіргі таңда UFC Russia-мен жұмыс басталды. 2020 жылы Қазақстанда ММА-ден Азия чемпионаты өтеді.

- Ғалымжан Шахмарданұлы, осы жылдың тамыз айында Қазақстан үшін тағы бір маңызды оқиға болды. Яғни кәсіби ММА республикада ресми спорт түріне айналды. Бұл біздің еліміз үшін, атап айтқанда Федерация үшін нені білдіреді?

Ғ. Есенов: Менің ойымша, әуесқой және кәсіби ММА арасындағы айырмашылықты біраз түсіндіріп өту қажет деп санаймын. Әуесқойларға арналған ережелерде шектеулердің көптігінен бөлек, тағы бір негізді айырмашылық бар. «Әуесқойлар» - бұл әлемдік аренада Қазақстанның атынан шығу үшін белгілі критерийлер бойынша іріктеп алынған ұлттық команда. «Кәсіпқойлар» - жеке өздерініңжәне келісімшартқа отырған Promotion атынан күресетін жауынгерлер. Сонымен бірге, оларға өз елдерінің атынан шығуғатыйым салынбайды. 2013 жылдан бастап Федерация тек ММА әуесқойларын қадағалап отырды. Ал кәсіби мамандар осы уақытқа дейін оның заңды шеңберінен тыс болды. Яғни кәсіпқой арена турнирлеріндеболуы мүмкін әртүрлі жағдайлар үшін ешкім жауап бермейтін. Ал 2019 жылдың тамызында кәсіпқой жекпе-жектер Қазақстан ММА Федерациясының қолдауымен өтеді деп шешім қабылданды. 

- Отандық Promotion-дар бұған қалай қарады? Сіздер олардың құқығын шектеп отырсыздар ғой. 

Ғ.Есенов: Ешқандай шектеу жоқ. Біздің міндетіміз - олардың қызметін шектеу емес. Керісінше, біз оларға қолдай көрсетеміз және олар мұны өте жақсы түсінеді. Кез-келген ынтымақтастықта бастысы - ашықтық және адалдық. Біз «біреудіөз ығымызға қарай жыққымыз» немесе біздің жеке мүдделеріміз үшін меншік жасағымыз келмейді. Біз - коммерциялық емес ұйымбыз.Және турнирлердің сапасымен спортшылардың дайындық деңгейін жақсарту үшін жұмыс жасаймыз. Мәселен, қазір ереже бойынша ұйымдастырушылар спортшыларға медициналық қызмет көрсетуге міндетті, жарыстың негізгі мақсаты - ішкі қауіпсіздік. Ұйымдастырушылар төрешілердің кәсібилігі мен бейтараптылығынажарна төлеудің ашықтығына және т.б. дүниелерге жауап береді. Бұл шаралар әртүрлі жарақаттар мен басқа да жағымсыз нәтижелерді азайтады, қауіпсіздікті арттырады және тәртіпті қалпына келтіреді. Коммерциялық турнирлер табиғаты жағынан спорттық болады және жекпе-жектің әсемдігін көрсетеді деп ойлаймын.

- Қазір сіздер отандық промоутер өкілдерімен бірге қызмет жасайсыздар ма? 

В.Тен: Біз отандық және шетелдік компаниялармен ынтымақтастықтамыз. Атап айтатын болсақ, Қазақстанда бірлескен M-1 ғаламдық турнирлерін өткіземіз. Сонымен қатар, жергілікті промо-командалармен бірлескен іс-шараларды ұйымдастырып, өткізіп отырамыз. Бірқатар қазақстандықтар: Арман Әшімов, Асу Алмабаев, Жұман Жұмабеков, Абылайхан Қадыржан сынды кәсіби спортшыларды қолдаймыз. Барлығы оңай–егер де келісілген бір жақты мақсатты ұстансаңыз, онда нәтижеге тезірек жетесіз.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Объединенная федерация ММА РК (@kazmma_official)9 Окт 2019 в 8:52 PDT

- Валихан, сіздердің біріккен федерация қызметіне тағы не кіреді? 

В.Тен: Біз ММА-ды спорт, жекпе-жек өнері ретінде дамытамыз. ММА-де жас ерекшелігі бойынша көптеген жұмыс атқарып жатырмыз. Мәселен, 15 жасқа дейінгі балалар енді «Nomad MMA» дүниежүзілік федерациясы арқылы жекпе-жек түрлерімен айналысуға мүмкіндікке ие болды. Содан кейін 15 жасында жасөспірімдер командасына, содан кейін жастарға, ересектерге және, сайып келгенде, әуесқойлардан бастап кәсіпқойларға дейін барады. Ал бұл өз кезегінде ММА-ді жоғары жетістіктерге жететін спорт түрі ретінде қалыптастыру жолындағы үлкен қадам. Көбісі аралас жекпе-жектер балаларға арналмаған деп санайды. Бірақ біз бұл мәселеде егжей-тегжейлі жұмыс жасадық. Қазір 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер «Nomad MMA» ережелеріне сәйкес жаттығады. Бұл ережелер жас ерекшеліктеріне байланысты физиологияға бағытталып, жекпе-жекті балалар үшін қауіпсіз етеді. 

- Сіздер «жауынгердің кодын» құрдыңыздар. Бұл ежелгі рыцарьлар ережесінен бе? 

Ғ.Есенов: Солай айтуға да болады. Бұл - жауынгерлердің ақыл-ой тәрбиесіндегі жаңа ереже. Үлкен күш үлкен жауапкершілікпен келеді. Өйткені, төбелес қабілетін тек октагонда немесе өзін-өзі қорғау үшін қолдану керек. Бұл туралы барлығы айтады, бәрі бұл туралы біледі, бірақ тағы да мұның бәрі жолға қойылмаған, реттелмеген Біз тәрбиеленушілеріміздіжастайынанұстанатынжауынгер кодексі мен ережелерін әзірлеуді жөн көрдік. Бұл мінез-құлықтың кез-келген деструктивті элементтерін: агрессияны, тұлғааралық қақтығыстарды блоктайтын этикалық нормалар мен ережелер. Осы бағытта бет ала отырып, жақын арада әуесқой ММА халықаралық спорт федерацияларының бүкіләлемдік қауымдастығына енетініне және олимпиадалық спорт мәртебесіне ие болатынына сенімдіміз.

- ММА құрамына кіретін спортшыны сипаттай аласыз ба? Ол қандай адам, ол нені жақсы көреді, нені қалайды? 

В. Тен: Иә, жуырда біз спортшыларымыздың арасында түрлі мәселелер бойынша сауалнама жүргіздік. Нәтижелері қызықты болды. ММА-дегі қазақстандық палуан - жігіт (30% - қыз), 18-25 жас аралығындағы, бойдақ /тұрмыс құрмаған,  қазақ және орыс тілдерін білетін, орта білімі бар, автокөлік жүргізушілік қабілеті бар, спортпен орта есеппен 4 жыл айналысып келеді. Ол спорт шебері атағына ие, спорттық жарыстарда өнер көрсетуге және қарсыластарды жеңуге талпынады. Оның сүйікті әлеуметтік желісі инстаграм, ең көп кіретін парақшасы - kazmma_official, UFC. Хобби мен әуес ісі - спорт, кітап оқу және түрлі фильмдерді қарау. Шығыс тағамдарын ұнатады. MMA палуаны «Жекпе-жек» жанрындағы фильмдерді жақсы көреді, кітаптардан әлемдік бестселлерлерді таңдаса, музыкада отандық туындыларды жөн көреді. YouTube-те  спортпен (ММА) байланысты арналарға жазылған. Ата-анасы мен жаттықтырушысын үлгі тұтады. Ең тамаша демалыс күні - отбасымен және достарымен өткізілетін уақыт, отбасы институты өте маңызды. Ол кәсіби спортпен айналысуға тырысады. Адам бойындағы шынайылық пен қарапайымдылықты бағалайды.

- Нағыз мінсіз батыр бейнесі деп айтуға болады! 

В. Тен (күлді): Иә шамамен мінсіз деуге болады, сондықтанда бапкерлері жаттығулар кезінде қатаңырақ талаптар қойяды! 

- Сұқбатыңызға рақмет, қазақстандық ММА құрамасына әлемнің барлық марапаттарын жинауды тілейміз!

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Қосылған күні: 22 қазан, 14:21

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.