Арман Әшімов М-1 Challenge 104 халықаралық турнирінде Қазақстан намысын қорғайды

Арман Әшімов М-1 Challenge 104 халықаралық турнирінде Қазақстан намысын қорғайды

30 тамызда Ресейдің Орынбор қаласында аралас жекпе-жектен М-1 Challenge 104 халықаралық турнирі өтеді. Аталған турнирде жерлесіміз Арман Әшімов Бразилиялық Флавио Да Сильва Сантоспен жекпе-жекке шығады. Бразилиялық спортшы осыған дейін, аралас жекпе- жектің кәсіби аренасында 12 жекпе-жек өткізіп, 9 жеңіске жеткен.

Ал Арман Әшімов – 11 жеңіс жеңіске жеткен, ММА әуесқойлары арасында керемет жылдам соққы техникасымен танылған спортшының бірі. Ең жеңіл салмақтың (57 кг) өкілі бола отырып, Арман әлемдегі ең қуатты және жарқын нокаутерлердің бірі саналады.

Өзінің соңғы кездесуінде Әшімов Сантос клубының төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Флавиомен өтетін жекпе-жек – Арман үшін жарысқа қайта оралудың тамаша мүмкіндігі. Екі қарсылас та көрермендерге тамаша шоу, керемет естен кетпестей кеш ұйымдастыру үшін сақадай сай.

Биылдан бастап Арман Әшімов – Ғалымжан Есенов басқаратын "Қазақстанның ММА бойынша біріккен федерациялар Қауымдастығы" ЗТБ ресми түрде қолдау көрсететін кәсіби спортшылардың бірі. Қоғамдық бірлестік К.Мәсімов басшылығымен Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығының қамқорлығымен жұмыс істейді.

Арман Әшімов: "Допингпен дүниені мойындата алмайсың" 

Аралас жекпе-жек ММА (ағылш. MixedMartialArts) – нақты жекпе-жек үшін ең тиімді техник, мектептер мен жекпе-жек бағыттарының элементтерін біріктіретін әмбебап спорт түрі.

Massaget