Өскемен атауы қазақстандық триатлон тарихына жазылды

Өскемен атауы қазақстандық триатлон тарихына жазылды
Фото: Tengrinews.kz

Бүгін Өскемен қаласының тарихында алғаш рет триатлоннан республикалық сайыстар өткізілді. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген 35 кәсіби спортшы әспринтерлік» және «супер-спринтерлік» қашықтықтарда бақ сынасты. Сайыстар Ертіс жағалауында орналасқан қалалық Этно Парк саябағында өткізілді.

Қазақстан табиғи байлығының інжу-маржанын жинаған аймақ сайыс қатысушыларын жайлы ауа райымен қарсы алды. Ауа температурасы +25°С көрсеткішін ұстап тұрса, су тмпературасы +18°С болды.

Бұл күні U15 санатындағы спортшылар триатлоннан «супер-спринт» қашықтығындағы (350 м жүзу, 8 км веложарыс, 2 км жүгіру) Қазақстан Республикасы Чемпионаты аясында сайысса, U19 және U23 санаттарында екі есе ұзақ қашықтықтағы триатлоннан ҚР Кубогі финалының мықтысы анықталды. Ал U17 санатындағы спортшылар ерекше сайыста сынға түсті. Олар Гундерсен жүйесі бойынша «супер-спринт» қашықтығында триатлоннан ҚР Кубогі финалында сайысты. Бұл жүйеге сай спортшылар екі күнге созылатын екі кезеңде жарысатын болады.

Бүгінгі нәтижелер бойынша жүлделі орындар төмендегідей үлестірілді. 

«Супер-спринт» қашықтығында триатлоннан ҚР Чемпионаты, U15 санаты, ерлер:

  1. Маралбеков Алинаби (Нұр-Сұлтан) – 35 мин. 29 сек.
  2. Бекенов Қуаныш (Нұр-Сұлтан) – 39 мин. 06 сек.
  3. Утеулин Аббас (Нұр-Сұлтан) – 39 мин. 25 сек. 

U15 санаты, әйелдер:

  1. Емельянова Валентина (ШҚО) – 36 мин. 09 сек.
  2. Бурмантова Снежана (ШҚО) – 38 мин. 29 сек.
  3. Матюнина Карина (ШҚО) – 44 мин. 44 сек. 

«Спринт» қашықтығында ҚР Кубогі финалы, U19 санаты, ерлер:

  1. Абусеит Алихан (Шымкент) – 1 сағ. 05 мин. 38 сек.
  2. Аманжолов Ерасыл (Түркістан обл.) – 1 сағ. 06 мин. 39 сек.
  3. Куцев Александр (ШҚО) – 1 сағ. 17 мин. 55 сек. 

U23 санаты, ерлер:

  1. Абильдаев Елдос (Жамбыл обл.) – 1 сағ. 18 мин. 27 сек.
  2. Сатыбалды Арсен (Жамбыл обл.) – 1 сағ. 27 мин. 49 сек.
  3. Болат Ернур (Жамбыл обл.) – 1 сағ. 33 мин. 35 сек. 

«Спринт» қашықтығында триатлоннан ҚР Кубогінің IV кезеңі, Elite санаты, ерлер:

  1. Зубцов Даниил (Шымкент) – 1 сағ. 01 мин. 38 сек.
  2. Пивоваров Семен (Шымкент) – 1 сағ. 01 мин. 45 сек.
  3. Турубаев Ануар (Алматы) – 1 сағ. 02 мин. 48 сек. 

Elite санаты, әйелдер:

  1. Юлия Озерова (Алматы) – 1 сағ. 21 мин. 01 сек.
  2. Айгерим Нургали (Алматы) – 1 сағ. 21 мин. 35 сек.
  3. Мангибаева Инкар (ШҚО) – 1 сағ. 23 мин. 42 сек. 

2012 жылғы Олимпиада чемпионы әйгілі спортшы Ольга Рыпаковадан алғыс сөз естіп, естелік медалдар мен мадақтау қағаздарын алу спортшыларымыз үшін күннің мәресі болды. Еске сала кетейік, ертең U17 санатындағы спортышлар ұлттық кубок аясындағы ақтық сайыстың екінші кезеңінде сынға түсетін болады. Ал әуесқой спортшылар «TEMIRADAM» Кубогі X кезеңінің рейтингтік ұпайларын ортаға салатын болады.

А. Оралқызы