Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Футболдан Қазақстан кубогы қай қалада өтеді?

Футболдан Қазақстан кубогы қай қалада өтеді?

Футболдан Қазақстан кубогы қай қалада өтеді?

Футболдан Қазақстан кубогының 2019 жылғы финалы Тараз қаласында өтуі мүмкін. 

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы басшылығы командалардың спорттық директорларымен футболдан Қазақстан кубогы финалы өтетін стадионды сарапқа салды. Кубок сарапқа салынатын кездесу финалда сынға түсетін командаларға бейтарап алаңда өтуі тиіс.

Қазіргі уақытта Қазақстан кубогы жартылай финалына Қостанайдың «Тобыл», Қызылорданың «Қайсар», Шымкенттің «Ордабасы» және Атыраудың «Атырау» командалары шықты. Жартылай финалдың алғашқы кездесуінде Шымкентте «Ордабасы» клубы «Атыраумен» 1:1 есебімен тең түссе, Қостанайда «Тобыл» «Қайсарды» 1:0 есебімен тізе бүктірді. Қарымта ойындар 19 маусымда өткізіледі.

Сондай-ақ, финалдық ойын өткізуге үміткерлер қатарында Талдықорған, Қостанай және Павлодар қалаларындағы стадиондар бар.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Алматының «Қайраты» 9 мәрте Қазақстан кубогы иегері атанды. Одан кейінгі орындарда «Астана-1964» (бұрынғы «Жеңіс») пен «Астана» командаларында үш-үштен кубок бар. Ал «Ертіс», «Тараз», «Восток», «Тобыл», «Ақтөбе», «Шахтер», «Атырау», «Қайсар», «Алма-Ата», «Ордабасы», «Достық», «Спартак» (Семей), СКИФ-«Ордабасы» және «Қызылжар» командалары бір-бір мәрте жеңімпаз болды.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Аслан Қажиев
Қосылған күні: 15 маусым, 18:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.