Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Нұра ауылында еркін күрестен аудандық турнир өтті

Нұра ауылында еркін күрестен аудандық турнир өтті

Нұра ауылында еркін күрестен аудандық турнир өтті

Қазақта "Өлі разы болмай, тірі байымайды" деген нақыл сөз бар. Бұл сөздің астарына үңілсең, өткеніңді ұмытпау, ата-бабаңның ізгі істерін насихаттау сынды игі шаралар жатыр. 

Өткеніңді ұлықтау, ата-бабаңның игі істерін насихаттау кейінгі ұрпаққа тиген енші. Осы орайда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылында Еңбек ері, еңбектің көрігінде болаттай суырылып кейінгіге үлгі болған, аудан не облыс ғана емес, бүкіл Республикаға танылған Өкен Молдажанұлын еске алу, оның ізгілігін жас ұрпақ санасында жаңғырту мақсатында еркін күрестен жасөспірімдер арасында турнир өтті. 

10 салмақ бойынша, 12 команда қатысқан турнирге ауданның әр аймағынан келген бапкерлер ең үздік палуан балаларын іріктеп алып келіпті. 

Тартысты өткен сайыста бабы мен бағы қатар шапқан жас спортшылар жеңіс тұғырына көтерілсе, болмашы жерден мүлт кетіп жауырыны жер иіскеген балалар кілем шетіне шығып көз жастарына ерік беріп жатты. 

Өкен Молдажанұлын еске алу үшін күрестен турнир өткізу де кездейсоқ емес. Себебі Молдажан ақсақалдың кіндігінен өрбіген алғашқы бала – Өкен атамыздың өзі де жауырыны жер иіскемейтін палуан, тақымына қысқан көкпарды ешкімге бермейтін айтулы көкпаршы болған. 

"Күрессе екі-үш адамға дес бермейтін, көкпар тартса да ешкімге бермей өзі алып келетін. Той-домалақта "көкпарды кім әкелді, Өкен әкелді" деп у-ду болып жататын. Сондай жақсы адам еді. Бала кезімізде талай көкпардың етін жегізді", – деп еске алады ауыл ақсақалы Семен Несіпұлы. 


Балаларды спортқа баулу, елдің өркендеуі үшін қызмет еткен адамның жақсылығын насихаттау үшін өткен турнирде жасөспірімдер таңертеңнен кешке дейін күш сынасты. Кешке ауданның бетке ұстар жаттықтырушылары жүзден жүйрік шыққан жас палуандарды "болашақта ауданның ғана емес, Республиканың намысын жыртатын мықты спортшы болыңдар" деп марапаттады. 

Ауданның әр аймағынан келген жастар төмендегіше марапатталды: 

46 келі салмақ дәрежесі бойынша: 
қола – Абай Алтынбек, Абдирахманов Мәлік. 
50 келі салмақ дәрежесі бойынша: 
қола – Ибрагимов Расул, Оңғар Нұрсұлтан. 
54 келі салмақ дәрежесі бойынша: 
қола – Зейнелхан Бексұлтан, Абдулла Әзиз. 
58 келі салмақ дәрежесі бойынша: 
қола – Мұнаров Кәміл. 
26 келі салмақ дәрежесі бойынша: 
күміс – Ғарыш Әсер. 
алтын – Рахматчан Ислам. 
29 келі салмақ дәрежесі бойынша: 
күміс – Фахри Фариз. 
алтын – Оразбеков Бекарыс. 
32 келі садмақ дәрежесі бойынша: 
күміс – Қадыр Хамза. 
алтын – Өкен Бексұлтан. 
35 келі салмақ дірежесі бойынша: 
күміс – Махмұд Ділшат. 
алтын – Сатыбалды Асқар. 
38 келі салмақ дәрежесі бойынша: 
күміс – Советхан Алихан. 
алтын – Еменжанов Арафат. 
42 келі салмақ дәрежесі бойынша: 
күміс – Елақын Нұрбек. 
алтын – Исаев Рамазан. 
46 келі салмақ дәрежесі бойынша: 
күміс – Нұрахмет Абдуали. 
алтын – Сүлейменов Бейбарыс. 
50 келі салмақ дәрежесі бойынша: 
күміс – Бекқожа Диас. 
алтын – Идрисов Умар. 
54 келі салмақ дәрежесі бойынша: 
күміс – Хабиллаев Амир. 
алтын – Усулжан Малик. 


Өкен атамызды екі-үш адамға дес бермейтін палуандық өнері бар екенін жоғарыда айтып өттік. Бұл қасиеті кейінгі ұрпағына да беріліпті. Осы турнирге Республика көлемінде топ жарып жүрген Өкен ақсақалдың немересі Өкен Бексұлтан да қатысты. Қатысып қана койған жоқ, 32 салмақ дәрежесі бойынша боз кілемге шығып, барлық қарсыласын 5:0 есебінде жеңіп, өзіне тең келетін қарсылас жоқ екенін дәлелдеп, алтыннан алқа тақты. 

Өкен Бексұлтан мұндай жарыстарға талай қатысып, ысылған жас спортшы екенін алғашқы кілемге түскеннен-ақ байқатқан еді. Алғашқы қарсыласы аяқтан шалу әдісімен астына түсіргенде әп-сәтте барыстай атылып шығып кетіп, көпшіліктің көңілінде сенім мен үміт отын ұялатқан-тын. Ақыры чемпион болды. Біз жас спортшыны әңгімеге тартып, бір-екі ауыз тілдестік. 

Оның айтуынша, бүгінгі жарыста ең қиыны финалдағы қарсыласы болыпты. "Мен осыған дейін Республика көлемінде көптеген турнирлерге қатыстым. Кейде бабым келіп алтын алсам, кейде финалда мүлт кетіп, жеңіліп қалған кездерім де болды. Екі рет күміс, екі рет қола алдым. Ал мына алтын медаль менің он екінші алтын медалім", – деді он жастағы палуан. Алдағы уақытта Қазақстан чемпионы, одан кейін олимпиада шыңын бағындырғысы келетін арманы бар екенін айтты.

Жарыс туралы бас төреші, Еңбекшіқазақ аудандық 2-мектебінің директоры Мұрат Несіпханұлы: "Қазақта керемет мақал бар: "Өлі риза болмай, тірі байымайды" деген. Бүгінгі жарысқа аудан көлемінде 12 команда 10 салмақ дәрежесінде бақ сынасты. 150-ден аса спортшы қатысты. Жарыстың ұйымдастырылуы Еңбекшіқазақ мектебі ұжымына тапсырылған еді. Турнир ойдағыдай ұйымдастырылды. Енді жас палуандарымыз келесі жарысқа дейін жаттығады. Олай дейтініміз алдағы мамыр айының 1-і мен 3-і аралығында "Кайпов" атындағы турнир келе жатыр. Жарысқа жас палуандарымыз үлкен дайындықпен келгендерін көріп өз басым қатты қуандым. Бүгінгі турнирде жеңіс тұғырынан көріне алмай қалғандарға келесі жарыстарда сәттілік тілеймін", – деп өз ойымен бөлісті. 


Жарыстан соң осы турнирдің өтуіне мұрындық болған ауыл басшыларына алғысын жаудырып, жиналған қауым тарасты. Бұл кезде мойындарына бір-бір медаль таққан жас спортшылар да көңілдеріне зор үміт ұялатып, көздерінде бір арман, бір күдікпен ауылдарын бетке алды. 

0
Рейтинг: +3

Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 24 сәуір, 15:02

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.