"Севильяға" қарсы ойында "Реал" қақпасын кім қорғайды?

"Севильяға" қарсы ойында "Реал" қақпасын кім қорғайды?
Фото: sport-express.ru
Реал Мадрид қақпашысы Тибо Куртуа бұлшықет жарақатына байланысты саптан шыққан еді. Енді "Реалдың" екінші қақпашысы Кейлор Навас та бүгінгі "Севильяға" қарсы ойынға шыға алмайтыны белгілі болды.
 
Ал үшінші қақпашы Кико Касилья "Лидс" клубына ауысып кетті. "Легенес" жалға алған төртінші қақпашы Андрей Луниннің де келмейтіні мәлім болған. 

Енді "Реал Мадрид" 20 жастағы Лука Зидан көмегіне жүгінуге мәжбүр. Лука "Реал Б" құрамында, 3-дивизионда ойнайды. 33 ұпаймен 3-4 орындарды "Севильямен" бөлісіп тұрған "Реал Мадридке" бүгінгі ойында оңай болмайтыны анық.
 
"Cевилияға" қарсы шақырту алған ойыншылар:
 
Қақпашылар: Тибо Куртуа, Лука Фернандес, Диего Альтубе. 
Қорғаушылар: Дани Карвахаль, Серхио Рамос, Рафаэль Варан, Начо Фернандес, Марсело, Серхио Регилон. 
Жартылай қорғаушылар: Лука Модрич, Каземиро, Федерико Вальверде, Браим Диас, Иско, Дани Себальос. 
Шабуылшылар: Карим Бензема, Лукас Васкес, Винисиус Джуниор, Кристо Гонсалес.
Т. Раушанұлы