АФК үздік атануға үміткерлер тізімін жариялады

АФК үздік атануға үміткерлер тізімін жариялады
Фото: m.yukle.mobi

Азия Футбол Конфедерациясы 2018 жылдың ең үздік ойыншы мен бапкер атануға үміткерлердің тізімін жариялады. Лауреаттарды марапаттау кеші 28 қараша күні Оман астанасы Маскат қаласында өтеді. Ол жерде 7 бағыт бойынша ең үздік деп табылғандар анықталады. Осы бағыттарға үміткерлер арасында кем дегенде бір жапониялық ойыншы бар.

"Жылдың ең үздік ойыншысы» (ерлер арасында): 
Кенто Мисао («Касима Антлерс», Жапония); 
Юма Судзуки («Касима Антлерс», Жапония); 
Абделькарим Хассан Фадлалла («Аль-Садд», Катар).

"Жылдың үздік ойыншысы» (әйелдер арасында): 
Саманта Керр (Австралия) 
Ван Шуан (Қытай)
Саки Кумагаи (Жапония).

"Жылдың үздік ойыншысы» (футзал бойынша):
Рафаэль Хенми (Жапония)
Хасан Зода Али Асгар (Иран)
Джавид Махди (Иран)

«Жылдың үздік жас футболшысы» (әйелдер арасында): 
Фука Нагано (Жапония); 
Моэка Минами (Жапония); 
Саори Такарада (Жапония)

"Жылдың үздік жас ойыншысы» (ерлер арасында):
Юнь Нишикава (Жапония); 
Чон Се Жин (Оңтүстік Корея)
Туркий Ал Аммар (Сауд Арабия).

«Әйелдер командалары арасындағы жылдың үздік бапкері»: 
Асако Такакура (Жапония); 
Мийо Окамото (Жапония); 
Нуэнгрутаи Сратонгвиан (Таиланд).

«Ерлер командалары арасында жылдың үздік бапкері»: 
Босим Хамдан (Ирак); 
Го Оива (Жапония); 
Равшан Хайдаров (Өзбекстан)

Т. Раушанұлы