Балалар үйінің тәрбиеленушілері Францияда өткен "Пари-Сен-Жермен" ойнына катысты

Балалар үйінің тәрбиеленушілері Францияда өткен "Пари-Сен-Жермен" ойнына катысты
Фото: vk.com

Семей қаласының балалар үйінің тәрбиеленушілері Францияда өткен "Пари-Сен-Жермен" және "Сент-Этьен" футбол клубтарының арасында болған жарыс ойнына қатысып қайтты.

Қазақстанның жас футболшы балалары Франциядағы әйгілі "Парк Де Пренс" стадионында болған "Пари-Сен-Жермен" және "Сент-Этьен" арасындағы текетірес ойынның көрермені болды. Ойын балалардың жадында  естен кетпес әсер мен сезім қалдырды. Олар өзін нағыз футболист сезініп, өткен ойында командаларға қолдау көрсетіп шынайы футбол атмосферасын сезінді.

Еуропаның ең мықты клубтарына жолдама - балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында өткен "Арманыңа жақында" атты  футбол чемпионатының қатысушыларынының басты сыйы. Айта кетсек бұл чемпионатты "Цеснабанк" АҚ , Нұр Отан партисы мен Қазақстанның Футбол Федерацисының қолдауымен "BAURZHAN" қоры ұйымдастырып отыр. Осындай чемпионаттың арқасында Семей балалар үйінің тәрбиеленушілері өздерінің армандарын орындап, нағыз футбол жұлдыздарымен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Сондай-ақ, сапар барысында "Арманыңа жақында" жеңімпаздары Франциядағы Қазақстан елшісі Жан Ғалиевпен де кездесті. Балалар сапардан алған әсерлерімен және өздерінің спорттағы жетістіктерімен бөлісе отрып, алғыстарын білдірді.

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, қатарынан алты жыл өткізіліп келе жатқан бұл чемпионат балалардың футболға деген қызығушылығын арттырып, олардың бойындағы дарынын ары қарай дамытып, болашақта жаңа жетістіктерге құлшындырады.

Бұл сапардың маңызы жайында жоба ұйымдастырушысы Айнур Салимбаева да айтып өтті: "Сапардың басты мақсаты – қамқорсыз қалған балаларға ары қарай спортпен айналысуға деген сенім мен ынта беру. Балардың  әлемге аты әйгілі кәсіби футболшылардың ойнына қатысуы жас жеткіншеркердің армандары орындалатындығының тағы бір дәлелі. Балалар үйінде дарынды балалар өте көп. Ал біздің міндетіміз оларға жәрдемдесіп, болашақта бағыт-бағдар табуына көмектесу. Мен бұл балалардың арасынан Қазақстанның мақтанышы мен басқаларға үлгі болатындай спортшы шығатынына сенімдімін".

Еске сала кетсек, осы жылдың маусым айында Алматы қаласында балалар үйінің тәрбиеленүушілері арасында "Арманыңа жақында" атты футболдан Қазақстан чемпионаты өткен болатын. Жарысқа барлығы 9 топ қатысып, Францияда болатын "Пари-Сен-Жермен" клубының ойнына жолдама үшін бақ сынансқан болатын.

Т. Раушанұлы