GGG алға! Massaget.kz Головкинді қолдайды

GGG алға! Massaget.kz Головкинді қолдайды
Фото: vk.com

Спорт әлемінің бар ғаламды дүрліктерген жекпе-жегінің қорытындысы белгілі болатын сәт жақын.

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпиондық атағына ие отандасымыз Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) өткізетін кездесуін Қазақстан бүгін таңда тамашалай алады.

Шын мықтының GGG екеніне сенетін жұртшылық әлеуметтік желілерде сүйікті спортшысын қолдау үшін арнайы флешмоб ұйымдастырды.

Осындай видео түсіруге ниеттенген адамға міндетті түрде ұлттық символиканы көрсету талабы қойылады. Мысалы, кадрларда қазақ халқының мәденитіне тән ерекшеліктер болуы шарт. Немесе талапқа сай фотосурет жүктеуге де болады. Жазбаның астында #МЫВМЕСТЕ, #АЛҒАҚАЗАҚСТАН, #БІЗБІРГЕМІЗ хэштегтері көрсетілуі керек.

Бұл шарадан Massaget.kz ұжымы да тыс қалмады.

А. Оралқызы