Алматылықтар «Нұрсұлтан» шыңын бағдындырды

Алматылықтар «Нұрсұлтан» шыңын бағдындырды
Фото: vk.com

«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында Астананың 20 жылдығына орай дәстүрлі 2А категориялық қиындықта «Нұрсұлтан шыңы» альпиниадасы өтті.

5000-нан астам 12 жастан асқан кез келген қатысушы 4376 метр биіктікті бағындыруға ниет білдіргенімен, тек 200-ден астамы ғана шыңға шықты. Қатысушылардың арасында өзге мемлекеттен келген қонақтар және Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Әбіл Дөңбаев та болды.

Альпианиада басталған соң артынша «Шымбұлақ» тау шаңғы курортында скайраннинг спортынан бірнеше жас айырмашылық бойынша Қазақстан чемпионаты өткізілді. 100-ден астам спортшы бағын сынап көруге тырысты. Солардың бірі, жүлделі орын алған Рауан Абулханов өз ойымен бөлісті.

 Дайындық тауда емес, қалада өтті. Өзім осы жарысқа жиі қатысамын. Маған жүгірген өте ұнайды. Бүгін өз жасым бойынша бірінші, ал, «абсолютте» үшінші орын алдым. Уақытым 1 сағат 53 минут,– деді әскери институтының сержанты Рауан Абулханов.

Барлық жүлдегерлер мен жеңімпаздар медальдармен, ал, альпиниада қатысушылары сертификатпен марапатталды. Бұл іс-шараның ашылу салтанатында еліміздің белгілі альпинисі Мақсұт Жұмаев қонақтарды Астана күнімен құттықтап, альпинизммен айналысуға кеңес берді. Артынша бұл мереке әншілердің өнерлерімен жалғасты.

Айта кетер жайт, Альпиниада «Шымбұлақ – Нұрсұлтан шыңы» салауатты өмір салтын ұстанып, жастар арасында спортты дамыту мақсатында жыл сайын өткізіледі. 

А. Оралқызы