Семейлік балалар Неймармен кездесуге барады

Семейлік балалар Неймармен кездесуге барады
Фото: vk.com

22 маусым күні Алматы қаласында балалар үйінің арасында үздік команда анықталды. 

2 айға созылған  балалар үйінің арасында өткен футбол додасының бүгін нүктесі қойылып, жеңімпаздары анықталды. 6 жыл қатарынан өткізілетін чемпионаттың бас жүлдесі биыл - Франция астанасы Парижде орналасқан «Парк де Пренс» стадионына «Пари Сен-Жермен» футбол клубымен кездесуге жолдама.

Семей қаласының №8 балалар үйінің командасы мен Алматылық «Барыстың» арасындағы тартысқа толы финалдық ойын Семейліктердің пайдасына 2:1 есебімен шешілген болатын. Матчтан кейінгі пенальти сериясы бойынша командаға жеңіс әкелген голдың авторлары- Мадияр Шарипов пен Леонид Гончаров.

«Біз чемпионатқа бір жылдан астам уақыт бойы дайындалдық. Сондықтан жеңістің біздікі болуы тиіс екендігі сөзсіз. Қарсыластарымыздың мықтылығына қарамастан, үздік екенімізді дәлелдей білдік. Енді Неймармен кездесуге асықпыз»- Леонид Гончаров «Семей» командасының капитаны.

Биыл Парижге жолдама үшін маусымның 19-ы мен 22 аралығындағы финалдық кезеңде еліміздің 8 аймағынан 9 команда сынға түскен болатын. Ал соңғы финалдық ойын №1 Алматы облыстық балалар үйінің «Барыс» командасы мен Семей қаласы № 8 балалар үйінің «Семей» командасы арасында өтті. Дәл осы командаларға 2018 жылдың чемпиондарын анықтау жүктелген еді.

А.Салимбаева  жоба жетекшісі: -Футболда  шекара болмауы тиіс!- дәл осыны 6 жыл қатарынан армандарды орындап келе жатырған турнир қатысушылары дәлелдеп жүр. Әлемдік футбол клубтарның ойыншыларымен кездесу «Арманыңа жақында» чемпионатының жеңімпаздары үшін қазіргі таңда үлкен мүмкіндік болып отыр.  6 жыл уақыттың ішінде 11 мен 15 жас аралығындағы 2000 жуық қатысушы спорт әлеміне бір қадам жақындаса, олардың 56-сының армандары шындыққа айналып, өздерінің кумирлері-  «Барселона», «Милан», «Челси»  , Бавария», «Атлетико Мадрид»- сынды клубтармен кездесуге қол жеткізді.

Екі команданың ойыншылары да ең алдымен жанкүйерлеріне әдемі ойынның куәсі болу мүмкіндігін сыйлады. Жеңімпаздар кубокпен қатар Парижге жолдамаға иеленетін болғандықтан, алаңдағы көңіл-күй мен ойын барысы әлемдік чемпионаттармен тең болды. Командалар бар күшін салынғанымен, Семейліктердің бағы шауып, жеңімпаз атанды.

«Әрине, Алматының командасының дайындықтары мен шеберліктеріның деңгейі жақсы, дегенмен біздің балалар өздерінің мықтылықтарын дәлелдеп отыр. Бізді жеңіске әкелген алдымен тәртіп пен командалық рухтың мықтылығы» -Нұрлан Акинжанов, Семей командасының жаттықтырушысы

Футбол ардагері Құралбек Ордабаев жас ойыншыларға қолдау көрсетіп, құттықтау сөздерін жеткізді:

-Мен сіздердей ұмтылысы мықты, спортшылардың өсіп келе жатырғанына қуаныштымын, және еліміздің болашағы үшін мақтаныш сезімі кернеп отыр. Қазіргі таңда осы алаңда тұрғандардың барлығы жеңімпаз.

Павлодарлық «Кенжекөл» мен Ақкөл қаласының «Арыстан» командалары арасындағы матч чемпиондық титулға болмаса да, қола медалға тартыс қызу өткен болатын. Нәтижесінде 3:2 есебімен Павлодарлық балалар 3 орынды қанжығаларына байлады. Жалпы ойын қорытындысы бойынша турнирдің үздік ойыншылары анықталып, кубок пен демеушілерден құнды сыйлықтар тарту етілді.

«Үздік қақпашы»- Владимир Хвастанцев, «Беркут» Рудный балалар үйі, Костанай облысы

«Үздік қорғаушы»- Эдуард Репях, «Арыстан» № 1 балалар үйі, Акколь қ, Ақмола облысы

«Үздік жартылай қорғаушы» - Илья Долинский,  Кенжеколь ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы, Павлодар облысы

«Үздік шабуылшы»- - Егор Коновалов «Таншолпан» Қарағанды облыстық балалар үйі

«Үздік бомбардир» - Богдан Баженов «Семей», № 8 балалар үйі Семей қ, ШҚО

«Үздік ойыншы »-Артем Османов, «Барыс» №1 Алматы облыстық балалар үйі

«Үздік капитан»- Вячеслав Турсынов, «Атамекен», Кызылорда облыстық Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы

«Жеңіске деген ұмталысы үшін» (Ең жас ойыншы) - Арби Резанцев, «Факел», Литвин школа-интернат, Караганды облысы

Бұл чемпионат «Baurzhan Foundation» жеке қоры, «Цеснабанк» АҚ, Қазақстанның футбол федерациясы және «Нұр Отан» партиясының қолдауымен 2013 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді. Басты мақсат - жетім және ата-анасының қамақорлығынан айырылған балалардың арасынан футбол шеберлдерін дамытып, Қазақстанның футболын дамыту.

Осы жылы чемпионаттың Қазақстан бойынша іріктеу кезеңіне 8 аймақтан 20-дан астам команда қатысқан еді. Миллиондардың сүйікті ойынында еліміздің балалар үйінің 300-ге жуық  тәрбиеленушілері 2 айда өздірінің шеберліктерін, жеңіске деген ұмтылыстарын көрсетті. 

2013 жылдан бастап Чемпионатттың бас жүлдесі әлемнің үздік футбол клубтарына жодама. Яғни балалар шетелдік футболшылармен кездесу мүмкіндігіне ие болады.

А. Оралқызы