Әлем чемпионаты – 2018: ресми әнұран

Әлем чемпионаты – 2018: ресми әнұран
Фото: vk.com

Әлеуметтік желілерде осы жазда өтетін футболдан Әлем чемпионатының ресми әнұраны жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, жылдың ең елеулі оқиғасы Ресейде 14 маусым мен 15 шілде аралығында өтеді. Live It Up аталатын әнді актер болса да, орындаушылық қабілетімен де танылып жүрген Уилл Смит, америкалық әнші Ники Джем мен албаниялық Эра Истрефи айтады.

ФИФА-ның футболдан 21-ші  әлем чемпионаты финалы Мәскеудегі Лужники стадионында болады деп күтілуде. Биылғы әлем чемпионатына 32 ұлттық құрама қатысады. Ресей бұл сайысқа ұйымдастырушы ретінде тікелей жолдама алды.

Т. Раушанұлы