Тілінде жол жүру билеті бар кроссовка

Тілінде жол жүру билеті бар кроссовка
Фото: vk.com

Adidas Берлин метросының 90 жылдығы құрметіне жаңа үлгідегі кроссовкалар шығарды.

Германия астанасы тұрғындарына арналған лимитті коллекция EQT Support 93/Berlin деп аталады. Әр жұп аяқ киімнің тілінде Берлиннің қоғамдық көліктерінде жүруге арналған бір жылдық абонемент бар. Жол ақысын төлеу үшін жолсерікке кроссовкаңыздың тіліне қыстырылған билетті көрсетсеңіз болғаны.

Аяқ киімді безендірген кезде де Берлиннің қоғамдық көлік жүйесі логотипі мен метро орындықтарының түстері ескерілген.

Бұл аяқ киімдер коллекциялық модельге жатады, себебі, тек 500 жұп шығарылған. Әрқайсысының бағасы — € 180 (Берлиндегі айлық жол жүру билетінің құны — € 80). 

А. Оралқызы