«Қойшылар алгебрасы» – тоғызқұмалақ әлемдік деңгейге шыққанда...

«Қойшылар алгебрасы» – тоғызқұмалақ әлемдік деңгейге шыққанда...
Фото: Самұрық

Жаз мезгілі келсе, көпшілігіміз ата-әжеміздің ауылына асығатын болармыз. Бұл жер табиғи тағамдарын айтпағанда, еш жерден кездеспейтін мол мейір, жылы шуаққа бай. Байырғы қазақ дәстүрлерін де, ұлттық ойындарымызды да ауылға барған кезде алғаш естіп жататын жайттар болатынын мойындау керек. Сол секілді тоғызқұмалақ ойынын да қала жастары жете біле бермейді.

Төрт мың жылға жуық тарихы бар ойынды халық арасында «қойшылар алгебрасы» деп атайды. Әлемде бұл ойынның 100-ден астам түрі тараған. Африка елдерінде «омбесо» деп атаса, араб елдерінде «манкала» деген атаумен танымал. Отаулар саны мен құмалақ санында айырмашылық болғанымен, мақсаттары бір – ұрпақтың ойлау қабілетін жетілдіру.

98

Тоғызқұмалақтың әлемдік деңгейде топ жару мүмкіндігі қандай?

Шахмат ұлт пен халықты талғамайды. Ойнаймын деген әрбір адамның қалауына тосқауыл жоқ. Тоғызқұмалақ та сол секілді. Соңғы жалдары республикалық деңгейдегі чемпионаттар Қазақстан Республикасы, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Алтай мен Қаратай-Шеркессия елдерінде өткізіледі. Тоғызқұмалақ ойынын насихаттап жүрген жанашырлар Қытай мен Еуропа елдерінде де бар. Американың Нью-Йорк қаласындағы Аляска Университеті тоғызқұмалақ ойынын аса қызығушылықпен зерттеп жатыр.

Осындай жақсы жаңалықтарды естігенде елдің ұлттық ойыны ұлықталып жатқанына бір марқайып қаламыз. Өйткені, бұл ойынның болашағы зор. Келешекте ұл-қызыңыз «тоғызқұмалақтан» әлем чемпионы болып, ел мақтанышына айналса таңғалмаңыз.

Тек бұл ойынның кіндігін кескен қай ел екенін білмей, өзге елмен қымызға таласқандай жағдай тумауы үшін, бүгіннен бастап қолды алысқа сермеу керектігін естен шығармаған жөн. «Қойшылар алгебрасы» әлемдік нарықты бағындыратын күн туады.

Т. Есқали