Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Финалда "Бавария" мен "Челси"

Финалда "Бавария" мен "Челси"

Финалда

Бірнеше күннен бері барша футболсүйер қауымды «финалға кімдер шығады екен» деген ой мазалап жүрген болатын. Тіпті күтпеген жеңілістен кейін әйгілі «Барселонаның» жанкүйерлерінің футболға деген өкпелері де жоқ емес. Сонымен жоғарыдағы сауалдың жауабы белгілі. Финалда - «Бавария» мен «Челси».

Осыдан бірнеше сағат бұрын болған жауапты жартылай финалда мюнхендік «Бавария» мадридтік «Реалды» жеңіп, финалда "Челсиге" қарсы ойын көрсететін болды.

Аталған командалар осыдан бір апта бұрын Мюнхенде ойнаған болатын. Ойын  Баварияның жеңісімен 2:1  болып аяқталған.

Кешегі ойын «Реалдың» шабуылынан басталды. Мадридтіктер қақпаға бірнеше соққы беріп, бес минут болар-болмас пенальти соғуға мүмкіндік алды. Жауапты сәтте Криштиану Роналду 11 метрден оп-оңай гол салып кетті - 1:0.

Мюнхендіктер салдарын түсірместен, бірнеше қауіпті шабуылдарымен жауап берді. Екі минуттан кейін-ақ Арьен Роббеннің гол салу мүмкіндігі болып еді, бірақ доп бес метр жоғары кетіп, сәтсіздікпен аяқталды. Бұл жолы да «Реалдың» жұлдызы жанып, есепті 2:0 ге жеткізді. Голдың иесі – көрерменнің көзайымы – Роналду.

Ойынның жиырма жетінші минутында Арьен Роббен алғашқы голдағыдай 11 метрден бавариялық жанкүйерлерге қуаныш сыйлап, көп күттірместен есепті 2:1 етті.

Екінші таймды қос команда да аса сақтықпен бастады. Ойыншылар шаршаңқы көрінді, бұл әсіресе бір аптада екі ойын көрсеткен мадридтіктерден қатты байқалды. Қақпа алдында бірнеше қауіпті сәттер болғанымен, екі команда да екінші таймда мүлде гол соға алмады.

Осылайша, баршамызды сарылтып күттірген чемпиондар Лигасының финалы испандықтардың қатысуынсыз өтетін болды.

 

                                                                               

 

25 сәуір. Мадрид. «Реал» -«Бавария» 2:1. Пенальти сериясы: 1:3

Голдар: Криштиану Роналду, 5, пенальтиден (1:0), Криштиану Роналду, 16(2:0), Арьен Роббен, пенальтиден, 27 (2:1).

Пенальти сериясы: Давид Алаба (0:1), Криштиану Роналду (қақпашы), Марио Гомес (0:2), Кака (қақпашы), Тони Гросс (қақпашы), Хаби Алонсо (1:2), Филипп Лам (қақпашы), Серхио Рамос (мүлт кетті), Швайнштайгер (1:3).

«Реал»: Касильяс, Пепе, Арбелоа, Марсело, Серхио Рамос, Хаби Алонсо, Хедира, Озил, ди Мария, Роналду, Бензема.

«Бавария»: Нойер, Лам, Боатенг, Алаба, Луис Густаво, Гросс, Бадштубер, Швайнштайгер, Рибери, Робен, Гомес.

Бірінші кездесу: 1:2. Екі кездесудің нәтижесі: 3:3.

Сурет: rusfan.ru

334 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 26 сәуір 2012, 12:10
Пікірлер
+0
26 сәуір 2012, 18:07

Бавария алға! жандарым менің!!!!

+0
26 сәуір 2012, 18:13

Ойбүйй, міне махаббат қайда жатыр :D

+0
26 сәуір 2012, 18:14

білмим особо футбол құмар емеспін, бірақ немістерді ұнатам

+0
26 сәуір 2012, 18:16

қызық екен, мен екеуін де ұнатпаймын :)

+0
26 сәуір 2012, 18:17

мм, нені ұнатасыз онда? десем))

+0
26 сәуір 2012, 18:20

дей беріңіз)), ұнатпайтынымнан ұнататыным көп сияқты..

+0
26 сәуір 2012, 18:22

ал айта беріңіз, )

+0
26 сәуір 2012, 18:26

онда екі үш-күн қатарынан жыр айтқандай болам ғой... :D

+0
26 сәуір 2012, 18:48

Челси айырэээп айырэээп тастайын деп тұр)

+0
26 сәуір 2012, 19:10

жоғи, көреміз әлі

+0
26 сәуір 2012, 20:07

Урааааааааааааа! мЕН КҮТКЕН ФИНАЛ

+0
27 сәуір 2012, 09:21

:) футбол+қыз= Күйеуіңнің бағы бар!

+0
27 сәуір 2012, 15:26

Челси :!: Алға :!:

+0
27 сәуір 2012, 17:57

БАвария!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

+0
27 сәуір 2012, 19:03

Қайреке бәстесеміз ба? Мен Челсиға қоям!

+0
27 сәуір 2012, 19:04

дабай, мен Баварияға!!

+0
27 сәуір 2012, 19:05

онда былай 1000 бірлікке ойнайық!

+0
27 сәуір 2012, 19:12

базар жоқ

+0
27 сәуір 2012, 19:14

мен ұтсам сен менің билайныма 1000 теңге саласың, сен ұтсаң сол 1000 теңге өзіңде қалады. Бола ма)

+0
27 сәуір 2012, 19:15

чето әділетсіз ғо

+0
05 мамыр 2012, 19:57

Екі команданыңда финалды толық құрамы шықпайды сол үшін дөп басып айта алмаймын қайсы ұтатынын бірақ өзім Баварияға жеңеді деп ойлаймын.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...