«Президент кубогы» мәресіне жетті

«Президент кубогы» мәресіне жетті

Теннистен Астана қаласында өткен «Президент кубогы» мәресіне жетті. Ерлер арасында финалға дейін сүрінбей келген жерлесіміз Михаил Кукушкин ақтық сында Израильден келген Дуду Селаға есе жіберді.

Ерлер арасында Израильден келген Дуду Села бұл турнир жеңімпазы атағына басты үміткерлердің бірі саналатын. Мамандар да бұл спортшының жоғары нәтиже көрсететіне күмән келтермеген-ді. Бірақ, ақтық сында жерлесіміз Михаил Кукушкинмен кездескен Дуду Селаға жеңіс оңайлықпен келе қойған жоқ. Алғашқы сетте Михаил қарсыласын 7:5 есебімен жеңіп шықты. Алайда екінші сеттен кейін қазақстандық теннисшінің денсаулығы сыр беріп, дәрігерлер көмегіне жүгінуге тура келді. Осылайша соңғы екі сет қарсыласының пайдасына шешілді (2:6, 6:7). Сонымен қатар6 ерлер арасында жұптасып өнер көрсетуден финалға шыққан Александр Голубев пен Михаил Кукушкин ақтық сында тағы да сүрінген-ді. Олар италяндық Риккардо Гедин және Клаудио Грассиден жеңілді. Қорытындысында ерлер арасында Дуду Села, жұптасып өнер көрсетуде Рикардо Гедин мен Клаудио Грасси жұбы жеңіске жетті.

Әйелдер арасында Украинадан келген Надежда Киченоктың бағы жанды. Ол турнирдің басты жеңімпазына үміткер саналған португалдық Мария Жоао Коэлерді жеңді (6:4, 7:5). Жұптасып өнер көрсетуде де Надежда сіңлісі Людмиламен бірге жарыс жеңімпазы атанды.

Астанада өткен теннис турнирінен кейін жерлесіміз Михаил Кукушкин бүгін ғана жария болған ATP рейтингінде 17 сатыға жоғарылап, 164 орыннан көрініп отыр.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

сурет: www.gotennis.ru

Ө. Сансызбай