Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / Әуезов театрында жаңа қойылым!

Әуезов театрында жаңа қойылым!

Әуезов театрында жаңа қойылым!

Сәуірдің 12-сі мен 13-і күндері Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық драма театры да жаңа қойылымды жарыққа шығармақ. Жақында ғана "Ұлы мен ұрының" тұсауын кескен драма театр енді Чеховтың "Апалы-сіңлілі үшеуін" сахналауды жоспарға қойып отыр. 

Шығарманы қазақ тіліне аударған - Ә.Бөпежанова

Спектакльдің режисерлері -  Рубен Андриасян мен Алма Кәкішева.

Рөлдерде театрдың жоғарғы, орта және жас буын актерлері ойнайтын болады. 

Адам жанының нәзік қылдарын тербейтін шығармалары жұртқа таныс ұлы драматургтың бұл пьесасы қазақ сахнасында қайта тірілмек. «Апалы-сіңлілі үшеу» деп аталатын драма қазақ сахнасында алғаш рет қойылғалы жатыр. Мұндағы үшеу - Оля, Ирина және Маша. Олар да басқа әйелдер секілді мағыналы да, мәнді ғұмыр кешуді армандайды. Өздерін қоршаған адамзат баласынан тек жақсылық күтеді. Ойларында арамдық жоқ арулар болашақтан бақыт тосады. Бәрі дұрысталып, заман тып-тыныш халде арға зымырай береді деп үміттенеді. Әрине, заман сырғи береді. Бірақ, бәрі біздің ойлағанымыздай бола берсе, зұлымдықтың саудасы жүрмей, арамдықтың арбасы алға жылжымай қалмай ма? Спектакль барысында көп қыртысты тағдырды айнытпай-ақ көруге болады. 

Театрда кездесейік, ағайын!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: thenews.kz

781 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 05 сәуір 2013, 18:04
Пікірлер
+0
05 сәуір 2013, 19:37

Барам!

+0
06 сәуір 2013, 00:03

Алматыда тұрмаған өкінішті.Әйтпесе, барар едім. Театрға сәттілік)))

+0
07 сәуір 2013, 17:52

бару керек

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...