Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / "Риголетто" - өзектілігін жоғалтпаған опера

"Риголетто" - өзектілігін жоғалтпаған опера

1850-1851 жылдары жазылған Джузеппе Вердидің «Риголетто» операсы  үш актіден тұрады. Операны жазуға 1832 жылы жарыққа шыққан Виктор Гюгоның «Le Roi s’amuse» («Король шаттығады») пьесасы арқау болды.

Бұл пьеса өз заманында Король патшалығының мәртебесіне нұқсан келтіргені үшін цензураға ұшыраған. Опера либреттосын Франческо Мария Пьяве жазды. Ол цензураның талабымен король герцогқа, ал Трибуле сарай сайқымазағы Риголеттоға ауыстырылды.


Пьеса өз заманындағы әлеуметтік теңсіздікті көрсетеді. Операда Герцог пен Риголетто образдарының қарама-қайшылығы айқын бейнеленген. Ал салтанатты бал кезіндегі Монтерон қарттың қарғысы, Риголеттоның сүйікті қызы Джильданың өлімі сияқты оқиға желілері операның көркін ашады.

Операның басты кейіпкері Риголетто - сарайдың сайқымазағы. Ол Герцог араласатын ақсүйектер қауымының алдында өнер көрсетіп, олардың көңілдерін көтереді. Қызметінен тыс уақытта ол сүйікті қызының жанында болатын қамқор әке. Сондай-ақ, ол өшін ала алмай жүрген кекшіл жан. Оның осындай бір-бірінен ажырамайтын жан-жақты бейнелерін Верди операсында анық байқауға болады.

Опера аяғында Монтерон қарттың қарғысынан Джильда көз жұмады. Жалғыз қызының қазасынан қабырғасы қайысып, қатты қайғырған Риголетто есінен адасады.


«Риголетто» операсының тұсауы 1851 жылы 11 наурызда Венециядағы Фениче сахнасында кесілді. Әлемнің ең танымал театрларында қойылған опера әлі күнге дейін өз өзектілігін жоғалтпады.

Бұл операны өз репертуарына Алматыдағы Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық Опера және Балет театры мен Астанадағы Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық Опера және Балет театры қосқан.

Форумда талқылау

Суреттер gatob.kz ғаламтор бетінен алынған

1443 0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 21 ақпан 2012, 09:00
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев