Қазақстанда қай ұлттардың театры бар?

Қазақстанда қай ұлттардың театры бар?
Фото: mywishlist.ru

Қазақстанда бірнеше ұлттың театры бар: Қазақстан ұлттарының театры, Қ.Қожамияров атындағы мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры, Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театры, Республикалық неміс драма театры, Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек драма театры және тағы басқалары.

Абай атындағы мемлекеттік академиялық Опера және балет театры 1934 жылы бірінші қойылым М.Әуезовтің либреттосына жазылған «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясымен ашылған.

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры тұңғыш рет 1926 жылы 13 қаңтарда «Еңлік-Кебек» пьесасымен шымылдығын ашқан.

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры – Алматы жастарына арналған мәдени ошақ. Бұл театр кейін 1985 жылы қазақ және орыс бөлімдеріне бөлініп, қазір Қазақ театры және Орыс театры болып жұмыс істеуде.

1991 жылы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театры ашылды.

М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры 1999 жылы Астанада ашылды.

Мемлекеттік академиялық орыс драма театры 1933 жылы Алматы қаласында ашылды. Кейін 1964 жылы оған орыстың ұлы ақыны М.Ю.Лермонтовтың аты берілді.

2003 жылы Сайрам қаласында Өзбек драма театры құрылды. Театр өзбек жазушылары мен драматургтерінің пьесаларын қояды.

1934 жылы Алматыда Ұйғыр музыкалық драма театры ашылды. Қазақ және ұйғыр авторларының, әлемдік классика өкілдерінің пьесаларын қояды.

Республикалық мемлекеттік кәріс музыкалық комедия театры – Қазақстандағы ең көне ұлттық театр. Ол 1966 жылы «Республикалық театр» мәртебесін алған. 

Қ. Слямбек