Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / Жұбайлар-ай, жұбайлар!

Жұбайлар-ай, жұбайлар!

Жұбайлар-ай, жұбайлар!

"Жұбайлар-ай, жұбайлар!" - Мүсірепов атындағы балалар және жасөсіпірімдер театрының төл туындысы. Комедиялық жанрға құрылған спектакль ащысы мен тәттісі қатар астасқан жұбайлық өмірді суреттейді. Мәскеуде бірге оқыған үш құрдас қатар үйленіп, отбасылы өмірге аяқ басады. Той үстінде тәтті күндерде басталған жаңа өмір жаңа белеске көтерілер сәтте бір түсінбестіктің құйрығы қылтия қалады. Бір шаңырақ басына жинала қалған құрбылар (үш құрдастың әйелдері) тырнақ астынан кір іздей бастайды. Жақында ғана күйеуінен ажыраспақ боп жүрген бір құрбы өмірге деген шағымын білдіріп, еркек кіндікке сенбеу керектігін айтып жан ұшырады. Күйеуі десе, ішкен асын жерге қоюға даяр тұратын екінші әйел тым сенгіш. Бәленің бәрі үшінші әйелдің отбасында. Бәле болғанда да, сұмдық! Мәскеуден ұшып келе жатқан Элиза деген қызды күтіп алу керектігін ескертіп телефонның арғы жағынан біреу телеграмма тастайды. Бәле осыдан басталды. Үш құрбы жиналып алып, күдіктен бүлік шығарады.

Оқиға шарықтау шегіне жетті ме дегенде, әйелдердің еркектеріне деген ашуы да шегіне жетеді. Жету былай тұрсын, алқынған ашулары арнасынан атқылап тұрғандай.

Үйіне бәрінің жиналып қалғанын байқаған үй иесі "Әй, бір жақсылап көңіл көтеретін болдық-ау" деген оймен мәз-мейрам болып кіріп келеді. Басына төніп тұрған "қасірет" оның көңілін емес, қан қысымен көтереді. Ешқандай да Элизаны танымаймын деген сөзіне сенбеген жұбайы ажырасатынын айтып, қойып қалады. Жазықсыздан жазықсыз көзі жәудіреген күйеуінің бір сөзіне де сенбей жұбайы арам ойдың шырмауында қала береді.

Сөйтсе, бәрінің басына әңгір таяқ ойнатқан басқа ой екен. Сырттан біреу келіп тұрғандай. Есік қағып кіріп келген әйелдің Элиза боларына кәміл сенген жұбайлар қазір бір "соғыстың" басталарына шүбә келтірмейді. Ағылшын тілінде сөйлей кірген жап-жас қыз екен. Тіпті мектеп оқушысы десек те болады. Әупірімдеп жүріп араларында ағылшынша аз да болса сауаты бар Ғазиза есімді құрбысы онымен тіледесіп, бәрінің мән-жайына көз жеткізеді. Элиза деп жан ұшырып қорқып жүрген адамы өздерінің Мәскеуде бірге оқыған Луиза атты курстастарының қызы екен. Осында тіл үйренсін деп жіберген екен. Бәрінің анық-қанығына көз жеткізген жұбайлардың қорқынышы басылып, езулеріне күлкі үйіріле бастайды. Құрсағына бала бітіп келе жатқан үй иесінің жары да қабағындағы қарды кетірмек боп, кірпігіндегі мұзды ерітеді. Соңы, әрине, бақытты аяқталды. Күнделікті тұрмысты көз алдымызға әкелген қойылым жұбайлар өмірінің тек бір күнін ғана баяндады. Сырттан алынған дәнеңе жоқ. Қойылымдағы тұрмыс та, менталитет өзіміздікі. Ащы мысқыл мен уытты әзілдерін аямаған сценарий авторы мен қоюшы режиссердің де айтпақ ойы жұртқа түсінікті.

Қойылымға болашақ жарыңызбен не жұбайыңызбен баруға кеңес береміз! Жұбайлар-ай, жұбайлар!..

Автор: Ақерке Әбілхан

Суреттер: jam.kz

1915 8
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 20 қараша 2012, 15:19
Пікірлер
+0
20 қараша 2012, 16:53

Жақсы қойылым. Барып көріп қайтуға кеңес беремін.

+0
20 қараша 2012, 17:13

Беу! Керемет қойылым деп осыны айт!

+0
20 қараша 2012, 17:28

кызыгып отырмын

+0
20 қараша 2012, 21:48

театрға бару керек еді

+0
22 қараша 2012, 17:34

"Театрға бару керек бұла шақ, біз де жұрттың бір қатарын құрасақ, тек екеуміз драмаға ду күліп, тек екеуміз комедияға жыласақ" Талаптың Шерханы

+0
13 желтоқсан 2012, 15:23

Театрға бармағалы қай заман....

+0
30 желтоқсан 2012, 18:54

Керемет. Достар барып кішкене ои түиіп қаитуға кеңес беремін. Мен туылған кезде Сағи Әшімовтаи актер болсын деп есімімді Сағи қоиған екен, Сол себепті болар театрға жан тәніммен қызығамын.

+0
02 наурыз 2013, 21:59

мен де театрды жаксы көрем

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...