Халықаралық театр күні мерекесіне арналған кеш өтеді

Халықаралық  театр  күні мерекесіне  арналған кеш өтеді
Фото: vk.com

27 наурыз – Халықаралық  театр  күні мерекесіне  арналған, Алматы қаласындағы театрлардың бас қосуымен  тұңғыш рет өткелі отырған мерекелік кеш 2019 жылдың 27 наурызы сағат 16:00-ге жоспарланған. Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтеді. Оған белді артистері қатысып, өнер көрсетеді. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан театрлары ассоциациясы  (ҚТА) 2016 жылы  құрылған. Ассоциацияның басты мақсаты – республика мемлекеттік  театрларда  әлемдік деңгейдегі  имидж қалыптастыру ісіне үлес қосу, шетел театр ұйымдарымен  корпоративтік байланыстарды нығайта түсу, театр қызметінің зияткерлік әлеуеті мен мүмкіндіктерін арттыру,  жастардың кәсіби шыңдалуына мүмкіндіктер жасау, театрлар ұжымындағы  шығармашылық  ізденіс  мониторингін қалыптастыру, жаңа есімдерді  анықтау, жастардың  аға толқын өкілдерінен тәжірибе алуын, кәсіби бағдарларын айқындауын бір ізге түсіру, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларларын жақсарту, марапаттарға ұсыну, театр қайраткерлерін еске алу кештері мен мерейтойларын бірлесе өткізу, халықаралық фестивальдер, әлемдік деңгейдегі мастер-класстар мен конференциялар ұйымдастыру, халықаралық дәрежедегі кәсіби  сауаттылыққа  қол жеткізу.  

Қазақстан  театрлары ассоциациясы бірқатар халықаралық, республикалық театр фестивальдерін, театр өнеріне сүбелі үлес қосқан қайраткерлердің мерейтойларын, еске алу кештерін өткізіп, жыл сайын «Сахнагер» Ұлттық театр жүлдесін табыстап отырады. 

А. Оралқызы