Астана қаласында А.Чехов атындағы Мәскеу театры өнер көрсетпек

Астана қаласында А.Чехов атындағы Мәскеу театры өнер көрсетпек

Ағымдағы жылдың 14 -17 қараша күндері Арқа төсінде орыс актерлері өнер көрсетпек. 

«Астана – Тәуелсіз мемлекеттер достастығының мәдени астанасы» халықаралық жобасының шеңберінде Олег Табаковтың жетекшілігімен А.Чехов атындағы Мәскеу көркем театрының гастрольдері өтеді. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат қызметі хабарлады. 

Астана қаласының тұрғындары мен құрметті қонақтары 14 қараша мен 15 қарашада Александра Вампиловтың режиссерлігімен «Прошлым летом в Чулимске» атты қойылымды тамашалай алады. Ал 16 қараша мен 17 қараша күндері Николай Гогольдің «Женитьба» атты өлмес комедиясының көрермені бола алады. Үш күн бойы Арқа төсінде орыс театрының атақты актерлері мен кино және театр саласында Ресейдің еңбек сіңірген әртістері өнер көрсетеді. Атап айтар болсақ, Наталья Егорова, Евгения Добровольская, Никита Зверев, Юрий Стоянов, Яна Гладких, Станислав Дужников және т.б.

 «Прошлым летом в Чулимске» спектаклінен 

«Женитьба» спектаклінен 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: m.ria.ru, gogol.ru

А. Әбілхан