"Ұмытыңдар оны..." қойылымының премьерасы болады

"Ұмытыңдар оны..." қойылымының премьерасы болады

Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында жаңа қойылым (Авторы: Г. Горин; Аударған: Қ.Төлеуішов; Қоюшы режиссері: Ж. Жұманбай; Қоюшы суретші: А. Жүсіпәлі) премьерасы өтеді.  

Қойылымда Мақсат Рахмет,  сонымен қатар, Жанар Мақашева, Сағызбай Қарабалин, Гүлжамал Қазақбаева, Еділ Рамазанов, Шағуан Үмбетқалиев сынды театр таланттары өнер көрсетеді. Спектакль 16 жастан жоғары көрермендерге арналған. 

Тарих беттерінде атын қалдыруды мақсат еткен  жанның кез-келген әрекетке бара алатынын Сіз де, Біз де білеміз... Құдайлар қаһарынан, халықтық соттан, тіпті өлімнен қорықпаған бұл кім болды екен?! Атын шығару үшін жер өртеген кейіпкердің есімі ұмытыла ма? Әлде мәңгі сақтала ма? Ендеше көрермен! Бұл сұрақтардың жауабын бірге іздейік! 16 қаңтар "Ұмытыңдар оны..."!

 





ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

RaiM – Baila