Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / «Абай» операсын немістер өте жоғары бағалады

«Абай» операсын немістер өте жоғары бағалады

«Абай» операсын немістер өте жоғары бағалады

Майнинген опера театрында Ахмет Жұбановтың «Абай» операсы сәтті қойылды. Көрермен бағасы өте жоғары болғанын да айта кетейік.

«Ол әлі тірі – қарапайым жылы опера!». Неміс сыншысы Герхард Роде Майнинген Frankhurter Allgemeine газетінде өз мақаласын дәл осындай сөздермен бастапты. Бұдан басқа, неміс сыншысы мұны «Ромео мен Джульеттаға» теңеген екен.    

Қыркүйек айының соңы мен қарашаның басына дейінгі билеттің барлығы да кассадан таланып өтіп кеткен. Неміс жұрты жаңалық деп танылған модернистік, эксперименталды қойылымдарға қарағанда 1944 жылы тұңғыш қойылған «Абай» операсына қатты қызығушылықпен қарайтыны белгілі болған. Әншілер ансамблінің баритоны, Абайдың рөлін сомдаған Тэ Хе Шин көрермен көзайымына айналыпты.

Айтпақшы, 2004 және 2007 жылдары аралығында Майнингеннің музыкалық директоры қазақ дирижері Алан Бөрібаев болған. Сол жылдары ол Астана симфониялық оркестрін басқарған екен. Осыдан кейін Ансгар Хааг Қазақстанға келіп, алғаш рет «Абай» операсын көрген соң, оны Германияға апарып қою идеясына бекиді.

Дәл осылай, қазақ операсы, Абай даналығы Германиядан өзінің есті көрерменін тауып қайтты.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: nur.kz

1661 6
Рейтинг: +6

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 08 қараша 2012, 12:29
Пікірлер
+0
08 қараша 2012, 14:05

Алматыдағы Абай атындағы ГАТОБ та да болып жүр екен, бару керек еді.

+0
08 қараша 2012, 17:10

немістер өнерді құрметтейді, соған тәнті боламын

+0
09 қараша 2012, 03:23

Немістер өнер мен өмірдің барлық тұсын құрметтейді, біздің жұрттың оларға жетуі қайда?мүмкін емес. Бетховен мен Бах, Гете мен Гейне, Баллок пен Нойнер, Гегель, Кант және НИЦШЕ, бмб мен Мерседес, Модерн Токинг, жастайымызда үлкендер тірлігіне жол ашқан порнографиясы өзге әлем.. Тамаша ұлт үлгі қыларлық тәнтімін.

+0
09 қараша 2012, 13:50

Немецияңа көшіп кет онда :)

+0
11 қараша 2012, 02:10

Әттең Алмания алыс арман әйтпегенде алты алаш деп арпалысып бөлініп біткен, ендігісі арабитке айналған жаман жұртыма қол бұлғар едім.

+0
17 қараша 2012, 13:18

Абай енді әлемге танылады, оны бәрі де мойындайтын болады

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...