Әкемтеатр атақты Авиньон фестивалінде өнер көрсетеді

Әкемтеатр атақты Авиньон фестивалінде өнер көрсетеді
Фото: vk.com

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры шілденің 11-18 жұлдызы аралығында Францияның Авиньон қаласында өтетін «Festival d’Avignon» халықаралық театр фестиваліне жол тартты. 

Әкемтеатр 1984 жылы Францияның Нанси қаласында өткен Халықаралық театр фестиваліне Ә.Мәмбетовтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» спектаклімен қатысқан болатын.

Тәуелсіздік алғаннан кейін, араға 34 жыл салып,  әлемнің үздік театр фестиваліне өнер ұжымы тек Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар күллі түркі халықтарының аңызына айналған Қорқыт ата тағдырынан сыр шертетін драматург Иран-Ғайыптың «Қорқыттың көрі» атты қойылымын әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған қалың көрерменге тарту етпек. Қойылымның қоюшы-режиссері Литваның және КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері, танымал режиссер Йонас Вайткус.

А. Оралқызы