Бродвей репертуарына Майкл Джексон туралы мюзикл қосылады

Бродвей репертуарына Майкл Джексон туралы мюзикл қосылады
Фото: vk.com

Атақты Бродвей театрының сахнасына поп-музыка королі Майкл Джексонның өмірі мен шығармашылығына арналған мюзикл шығады. Оның мұрагерлері мен Columbia Live Stage компаниясы премьераның 2020 жылға жоспарланып отырғанын хабарлады.

Пулитцер лауреаты Линн Ноттедждің пьесасы бойынша жазылған сценарийді негізге ала отырып қойылады. Шоу мен хореографияға "Тони" театр марапатын иеленген Кристофер Уилдон жауапты.

Сюжет әлем жұлдызының The Jackson 5 тобында ән айтқан балалық шағынан бастап Thriller, Smooth Criminal, Beat It, Off the Wall, BAD, Don't Stop 'Til You Get Enough сынды хит әндер орындаушысы атанған сәтіне дейін қамтиды.

А. Оралқызы