Әкемтеатр «Алатаудан Сарыарқаға сәлем» атты гастрольдік сапармен Астана қаласына келді

Әкемтеатр «Алатаудан Сарыарқаға сәлем» атты гастрольдік сапармен Астана қаласына келді

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Астана қаласының 20 жылдығына орай, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры «Алатаудан Сарыарқаға сәлем» атты гастрольдік сапармен Астана қаласына келді.  Театр маусымның 15-21 аралығында елордамызда болады.

Гастрольдік сапар барысында  өнер ұжымы елорда тұрғындарына Бейбітшілік және келісім сарайы, Астана «Жастар театрының» ғимаратында және Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрында өз өнерлерін көрсетеді.

Қойылымдар тізімі:

15 маусым сағ. 19:00 – Бейбітшілік және келісім сарайы,

Ғ. Мүсіреповтің  «Қыз Жібек» музыкалық драмасы;

17 маусым сағ.19:00 – Астана «Жастар театрының» ғимараты, И.Вовнянконың «Актерді өлтірген кім?» криминалдық драмасы;

18 маусым сағ.19:00 – Астана «Жастар театрының» ғимараты, Д.Исабековтың «Жаужүрек» драмасы;

19 маусым сағ.19:00 – Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрында А.Володиннің «Қоштасқым келмейді» драмасы;

21 маусым сағ.19:00 – Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрында И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы» мюзиклі.

А. Оралқызы