Әкемтеатрдың Арқалыққа жасаған сапары сәтті өтті

Әкемтеатрдың Арқалыққа жасаған сапары сәтті өтті
Фото: auezov-theatre.kz

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры Қазақстанның халық әртісі Әнуар Боранбаевтың 70 жылдығына арналған Арқалық қаласына маусымның 6-10 аралығында гастрольдік сапары сәтті өтті.

Өнер ұжымы бұл күндері Әнуар Боранбаевтың туған жері Амангелді ауданының Мәдениет үйі мен Арқалық қалалық жасөспірімдер театрында көпшілікке таныс қойылымдарын қала тұрғындары мен қонақтарына тарту етті.

Гастрольдік сапар барысында И.Сапарбайдың «Сыған серенедасы» мюзиклі; Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек» музыкалық драмасы; И.Сапарбайдың «Сыған серенедасы» мюзиклі; Т. Нұрмағанбетовтің «Қожанасыр тірі екен» комедиясы;  «Қоштасқым келмейді» драмасы сахналанып, көпшіліктің қошеметіне ие болды.

Маусымның 10 күні театр ұжымы өнер сапарын Арқалық қалалық жасөспірімдер театрында «Жүз жылдық махаббат» драмасымен қорытындылады. 

А. Оралқызы