Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Снайпердің «көзі»
Снайпердің «көзі»

Автор: Марғұлан Ақан

Статус: Контент-менеджер

Мен қалай блогер болдым?
Мен қалай блогер болдым?

Автор: Марғұлан Ақан

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / Үлкен театр «Астана Операмен» тығыз ынтымақтастықта болады

Үлкен театр «Астана Операмен» тығыз ынтымақтастықта болады

Үлкен театр «Астана Операмен» тығыз ынтымақтастықта болады

Ресейдің басты ұлттық театры – атақты Үлкен театр  Қазақстандағы үздік «Астана Опера» театрымен тығыз ынтымақтастықта болады.

15 мамырда Мәскеуде өткен екі жақты келіссөздер нәтижесінде Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Келісім Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің қолдау көрсетуімен жүзеге асты.

«Астана Опера» театрының директоры Ғалым Ахмедьяров және Ресейдің Үлкен театрының бас директоры Владимир Урин қол қойған меморандумға сәйкес, тараптар бірнеше бағыт бойынша серіктестікті дамытады. Келіссөз барысында бірқатар жобалар талқыланды. Мамандармен, әртістермен, орындаушылық ұжымдармен өзара тиімді тәжірибе алмасумен қатар алдағы жоспарға гастрольдерді, бірлескен қойылымдарды ұйымдастыру, екі театрдың жетекші солистерінің шеберлік сабақтарын өткізу және  музыкалық байқаулар мен фестивальдарға қатысу кіреді.

– Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық сананы модернизациялау жөнінде атап өткен міндеттерінің бірі, заманауи қазақстандық мәдениетті әлемдік кеңістікке паш ету. Бұл Елбасы айқындап бергендей, ұлттық мәдениеттің үздік туындыларын таңдап қана қоймай, оларды шетелде танытатын өте маңызды және көп еңбекті қажет ететін жұмыс. Меморандумға қол қою Мәдениет және спорт министрлігінің Елбасымыздың стратегиясын іске асыруға бағытталған жоспарлардың бір бөлігі, – деді Ғалым Ахмедьяров.

Қазақстандық әртістер бұған дейін әйгілі мәскеулік сахнада неше мәрте өнер көрсеткен. Мысалға, «Астана Опера» театрының жетекші солисі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Мұсабаев П.Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсындағы басты партияны орындаған. Өз кезегінде Үлкен театр солистері де өнерін астаналықтарға сыйлау мүмкіндігіне ие болды. Прима-балерина, Ресейдің халық әртісі Светлана Захарова «Астана Опера» театрының әлемдік тұсаукесеріне арналған Гала-концертке қатысқан.

«Астана Опера» серіктестерінің қатарында  – Ла Скала, Сан-Карло, Карло Феличе (Италия), Мариинский театры, Новосібірдің мемлекеттік академиялық опера және балет театры (Ресей), Шанхайдың Үлкен Театры (Қытай), «Еуропа операсы» халықаралық опералық қауымдастығы (Ұлыбритания)және тағы басқа әлемнің жетекші ұжымдары.

161 1
Рейтинг: +0

Фото: google.kz
Қосылған күні: 18 мамыр 2017, 10:34
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...