Ұлыбританияның Tate Modern галереясы тегін өнер мектебін ашты

Ұлыбританияның Tate Modern галереясы тегін өнер мектебін ашты
Фото: vk.com

Tate Modern галереясы Central Saint Martins студенттерімен бірлесе отырып тегін өнер мектебін ашуды ұйғарды.

Ұлыбританияның өнерге баулудағы білім бағдарламасының дағдарысқа ұшырауына байланысты Tate Modern галереясы ұжымы тегін оқу орнын ашу туралы шешім қабылдады. Қазіргі таңда Ұлыбританияның білім жүйесі STEM (Science, Technologies, Engineering, Mechanics) шеңберіне жататын мамандықтарға ғана шәкіртақы бөлумен айналысуда. Аталған галерея ұжымы жақын арада өнерге қатысты мамандықтардың English Baccalaureate бағдарламасынан мүлдем жойылып кету қаупі барын жасырмайды.

Жаңа мектепте өнер майталмандары ашық лекциялар мен мастер-класс сабақтар өткізеді. Осыған байланысты Tate Modern галереясының білім беру бөлімінің басшысы Анна Катлер былай дейді: "Бұл – диалог арқылы білім алмасу үдерісі. Келген адамның әрқайсысының өзіне тән мәдениеті мен өмірлік тәжірибесі болады, ал, мұражайлар соны жеткізе білуі тиіс".

Мектеп өз жұмысын 9 қаңтар күні Tate Modern галереясының Switch House аталатын жаңа ғимаратында бастады. Бірінші блок 15 қаңтарға дейін жалғасады. 

А. Оралқызы