Әуезов театрында – премьера

Әуезов театрында – премьера
Фото: баспасөз қызметі

27, 28 желтоқсан күндері Мұхтар Әуезов театрында "Мани, мани..." қойылымының премьерасы болады. Комедияның авторы - Р.Куни, қазақ тіліне аударған - Ө.Мұқай.

Спектакльдің қоюшы-режиссері - Е.Нұртазин, қоюшы-суретші - К.Құрманбекова. Киім үлгісін Н.Тоқжанова әзірлеген, ал әуенмен әрлеп, музыкалық үйлесім жасаған - Е.Нариманұлы. Режиссер ассистенті болып Е.Бектасов қызмет атқарады. Сондай-ақ режиссердің көмекшісі - А.Қабдешова.

Қойылым туралы бірер сөз:  Есімі әлемге танымал ағылшын комедиографы Рэй Куни комедиясының бас кейіпкері Генри Перкинс туған күнінде ойламаған жерден мол ақша тауып алады.  Дипломаттағы 1 млн 750 мың фунт стерлингті  өзінің өмір бойғы есепші болған адал еңбегінің өтеуі деп білген ол шетелге қашпаққа бел буады. Бірақ, өзгелер оны осынша мол ақшамен шетелге оп-оңай жібере салмақшы емес. Осылайша оқиғалар қым-қуыт сипат алады, барлық  кейіпкерлердің шынайы бет-бейнесі «мани, мани» үшін күресте ашыла бастайды. Әншейінде бәрі жақсы қарапайым адамдарды осындай бір сын сәттерде тану мүлдем қиын. Неліктен?..

Ендеше, осы сұраққа жауап алғыңыз келсе, қызықты комедияның куәгері боламын десеңіз - театрға келіңіз!

Н. Айдархан