Ұлы Моцарт шығармалары – қазақ өнерпаздарының орындауында

Ұлы Моцарт шығармалары – қазақ өнерпаздарының орындауында
Фото: Karla Nur

Ұлы композитор В.Ц.Моцарттың туғанына 260 жыл толуына орай бүкіл әлем бойынша концерт ұйымдастырылып жатыр. «Астана Опера» театрының Камералық залы да концерттік маусымын «Өлмейтін Амадеус» атты мерекелік бағдарламасымен аяқтамақ.

Концертте «Астана Опера» симфониялық оркестрінің бірінші скрипкасы Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов және Мәдениет қайраткері Айсұлу Байкенова, сонымен қатар, «Астана Опера» камералық оркестрінің музыканттары өнер көрсетеді. Дирижер – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов.

Кештің бір жарым сағаттық бағдарламасында көрермен назарына «Сиқырлы флейта» операсынан увертюра, «Түнгі кішкентай серенада», скрипка және Es-dur K.364 оркестрлі альтаға арналған Кончертанте симфониясы мен австриялық кемеңгер композитордың пьесалары ұсынылады. Алтынай Балтатегінің скрипка мен альтаға арналған «Моцарт тақырыбына фантазия» пьесасы кеш тұсаукесері болмақ.

В.А.Моцарт шығармашылығының ықпалы әлемдік музыка мәдениетіне зор үлес қосқандығын естеріңізге саламыз. Замандастарының айтуынша, Моцарттың есту және есте сақтау қабілеті, музыка шығарудағы суырып-салмалық қасиеті өте жоғары болған.  Ол 600-ге жуық музыкалық шығармалардың авторы.

Бұл концертте шебер скрипкашы Бағдат Әбілханов альтист ретінде сахнаға алғаш шығады. "Бір аспаптан екінші аспапқа ауысу қиын ба?" деген сауалға ол:

– Мойыны жалпақ болатындықтан (аспаптың сабы) маған ең алдымен альт көлемінің үлкендігіне дағдылану керек, әдемі дауыс шығарып, музыка бояуларын қанық,  әрі  әуезді жеткізу  үшін бұл аспап скрипкамен салыстырғанда көлемдірек келеді. Моцарттың концерттік симфонияларын альтта орындауды бұрыннан армандайтынмын, – дейді Бағдат Әбілханов.

Айсұлу Байкенова кемеңгер композитордың шығармашылығымен мектеп жасынан таныс. "Оның әуезді музыкасы австрияның халық әндері негізінде құрылыған, сол себепті  көп адамға жақын деп ойлаймын. Біз бұл концертте орындайтын терең мағыналы, әрі тебірентерлік алть пен скрипкаға арналған Кончертанте – менің сүйікті шығармам. Бұл музыканы алғаш рет мектеп оқушысы кезімде әйгілі музыкант Юрий Башмет пен Владимир Спиваковтың орындауында тыңдадым. Ол кезде мені шығарманың композитордың анасынан айырылғанда шығарған екінші бөлімі қатты толғандырды. Біз бұл концертке келген көрермен әртүрлі әсермен рухани тазалыққа бөленіп, көтеріңкі көңіл-күйден қуат алып қайтқанын қалаймыз",– дейді Айсұлу Байкенова.  

Г. Берік