Мүсірепов театрында премьера. «Бір сен үшін тудым» («Ромео мен Джульетта»)

Мүсірепов театрында премьера. «Бір сен үшін тудым» («Ромео мен Джульетта»)
Фото: www.mariinsky.ru

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 17, 18 маусым, сағат 18.30 У.Шекспирдің «Бір сен үшін тудым...» («Ромео мен Джульетта») трагедиясының премьерасына шақырады!

Қоюшы-режиссер – Жұлдызбек Жұманбай

Қоюшы-суретші – Нұржан Саменов

Хореограф – Карина Джиренбаева

Киім суретшісі – Назым Тоғжанова

Сахна сайысы – Мақсат Рахмет

Режиссердің ассистенті – Әсет Иманғалиев

Биыл У.Шекспирдің 400 жылдығы. Мәңгі махаббат бар жерде, мәңгі машақат бар. Әулет пен әулет, топ пен топ, тобыр мен тобырдың кесірінен қаншама махаббат құрбан болды. Бұл – ықылым заманнан бері келе жатқан ұлтқа бөлінбейтін адамзаттық ахуал. Шекспирдің «Ромео – Джульеттасы» да – солардың кебі...

«Бір сен үшін тудым...» деп шырылдаған шындықты көзбен көріңіз, ішпен біліп, көңілге түйіңіз!...

@. @assel_assanova