Махаббат сөз болған жерден марқаймай қайту мүмкін емес

Махаббат сөз болған жерден марқаймай қайту мүмкін емес
Фото: Асхат Мырзагелдиев

Театр – барлық өнердің басын қосып тұрған киелі шаңырақ. Сол шаңырақтың 70 жылдығы аясында «Студенттер күніне» орай  «Айтылмаған махаббат» атты театрландырылған ән-думан кеші ұйымдастырылады. Кеш 2015 жылы 14 қараша күні  Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында сағат 18.30-да болады.

Театр тарихы актер өмірімен өрілгенімен, көрермен көңілі мен пейілі әрқашан бәрінен биік тұрады. Бұл кеш – театр актерларының аса  қадірлі көрермендерге деген тартуы, айта алмай жүрген махаббаты.

Ал, ақ махаббат айтылған жерде ойланбай, толғанбай, тебіренбей, шаттанбай, қуанбай, марқаймай қайта алмаспыз!

Қайталанбас бақыт пен қайта айналмас уақыт-сахнасындағы  ғажайыпқа асығайық!

Г. Берік