200 адам қатысатын спектакль

200 адам қатысатын спектакль
Фото: Карла Нұр

Мұқан Төлебаев «Бiржан-Сара» операсына жақында 70 жыл толады. Сан жылдар өтсе де маңызын жоймай, тәлімі мол шығарма қалпында сақталып келеді, қазақ опера өнерінің маржаны, жауһары. 2015 жылы қазан айының 30 күні «Астана Опера» театры аталған спектакльді қоюшы дирижер Абзал Мұхитдиновтің музыкалық редакциясында ұсынады.

Басты рөлдерде ойнайтындар және орындаушылар: Бiржан – Бейімбет Таңарықов, Сара – Жәмиля Жарқымбаева. Жанбота – Жанат Шыбықпаев. Алтынай – Бибігүл Жанұзақ. Аналық – Гүлжанат Сапақова, Қожағұл – Ескендір Әбжанов, Жиенқұл – Талғат Ғалеев, Естай – Нарұл Тойкенов, Серік – Жан Тәпин. Қоюшы режиссері – Ресейдің Халық әртісі Юрий Александров.

Операның басты кейіпкерлері – шынайы өмірде болған, шешендік айтыстарымен атағы шыққан қазақтың композиторы, Біржан сал Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызы. Әнші Бiржанның даусы алты қырдан асады, сонысымен қатар асқан шебер домбырашы болған. Ол жалпы халықтың сүйіктісіне айналған бірегей музыкалық-поэзиялық шығармалар жазып, барша талантты жастарды өзінің айналасына жинады.

Лирикалық-драмалық шығарма (Қ. Жұмалиевтің либреттосы) халық әншісі Біржан мен дарынды ақын Сараның арасында туындаған сүйіспеншілік пен рухтың күші жайлы оқиғаға негізделген. «Халық шығармашылығы – кез келген адам баласы үшін сарқылмас шабыт көзі. Одан біз күш-қуат аламыз, онсыз замандастарымыздың ойы мен арманын жеткізу мүмкін емес», - деген екен Мұқан Төлебаев.

Операда болған оқиға баяндалады, әлеуметтік теңсіздік пен байлар зомбылығы көрсетіледі. Сюжетте өнер адамының тәуелсіздігі, махаббат пен бақытқа қол жеткізу құқығы үшін күресі бірінші кезекте тұр. Операның соңы қайғылы аяқталады – Бiржан мерт болады. Алайда оның халқына деген ыстық сүйіспеншілігіне және жарқын болашақ жайлы армандарына толы шабыттандыратын әндері мәңгі жасайды. М. Төлебаевтың опералық жауһары өнердің асқақ жаратылыс екенін, суретшінің өшпес ғұмырын, оның жауыздықпен һәм әділетсіздікпен мәңгі күресін дәлелдейді.

Спектакль бір антрактілі. 2 сағат 30 минутқа созылады, қазақ тілінде орындалады (орыс тілінде ілеспе аударма жүреді). Спектакль 19:00 басталады.

@. @assel_assanova