Сан-Карло театры романтикалық һәм тылсым «Жизельді» ұсынады

Сан-Карло театры романтикалық һәм тылсым «Жизельді» ұсынады
Фото: Астана Опера

Жер бетіндегі ең көне Сан-Карло театры Қазақстанға алғаш рет гастрольмен келеді. 5 және 6 шілдеде «Астана Опера» сахнасында Адольф Аданның «Жизель» балеті әлемдік деңгейдегі жұлдыздар – норвегиялық ұлттық балеттің прима балеринасы Иоланда Корреаның және премьері Йоэль Карреньоның қатысуымен өтеді.

Жизель партиясын орындайтын примабалерина Иоланда Корреа тамаша техникасымен әйгілі, оның билеу мәнерінде мін жоқ, оған керемет үйлесімділік сахнада жарқырап, жеңіл, әсем әрі сенімді қимылдау, музыкаға деген жоғары қабілет тән. Оның серігі Йоэль Карреньо ханзада Альберттің рөлін сомдайды. Кубалық биші қайталанбас дара әртістік қабілетімен және сахнаға сай тамаша дене бітімімен еліктіреді. Ол күрделі қимылдарды асқан шеберлікпен, таза орындауды, би қимылын мәнерлі әдіске сала білуді меңгерген.

60 адамнан тұратын неаполитандық театрдың балет труппасы «Жизель» балетін КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық иегері Людмила Семеняканың редакциясында ұсынады. Үлкен театрдың примасы Жизель партиясын дүние жүзінде ең үздік орындайтындардың бірі болғанын еске салайық.

Жизель есімді ауыл қызы шаруа болып киінген ақсүйекке (Альбертке) ғашық болады. Жизель жігіт те оны сүйетініне берік сенімді. Альберттің қалыңдығы бар екенінен ол әлі хабарсыз. Көп ұзамай шындық ашылады. Жизель құсадан көз жұмады. О дүниелік болса да, ол өзін сатып кеткен күйеужігітті сүйіп өтеді. Ар-ұяты қинаған Альберт түн ішінде оның қабіріне келгенде, қыз оны виллисалардан құтқарады.

Аталған гастроль бір жыл бұрын қол қойылған қос театрдың серіктестігі жөніндегі меморандум шеңберінде жүзеге асқан алғашқы жоба екенін атап өтейік.

Билет бағасы 500 теңгеден жоғары, спектакльдер 19:00-де басталады

Ф. Абилова