Астанада халықаралық театр күні аталып өтілді

Астанада халықаралық театр күні аталып өтілді

Бүгін Конгресс-холлда Халықаралық театр күні аталып өтілді, - деп жазды Baq.kz

Жыл сайын Театр күнін тойлау елорданың мәдени өмірінде дәстүрге айналды. Қалалық театрлардың шығармашылық ұжымдарын құттықтай отырып, Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов елордада театр өнерінің қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Ол қонақтарға табыс, шығармашылық жетістіктер және шалқыған шабыт тіледі.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Болат Ұзақов «Мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін» белгісімен марапатталды.

Мерекеге Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры, М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, «Жастар» театры, «Көңілді тапқырлар» театры, «Наз» мемлекеттік би театры, Қуыршақтар театры, «Терра» би театрының шығармашылық ұжымдары қатысты. 

Е. Қайрахан