Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Абай атындағы МАОБТ «Ер Тарғын» операсын қояды

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Абай атындағы МАОБТ «Ер Тарғын» операсын қояды

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры «Ер Тарғын» операсын қояды. Қойылым 26 ақпанда көрерменге жол тартады, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі.

Тарғын партиясын Дулат Тоқанов, Ақжүністікін ҚР-дың еңбек сіңірген қайраткері  Рымкеш Жұмәділова орындайды. Қойылымға, сонымен бірге, ҚР-дың еңбек сіңірген қайраткерлері Ұлан Кенжебеков пен Болат Букенов, Абай атындағы МАОБТ-ның өзге де әртістері қатысады.

Операға аталған театр балеті, хоры және симфониялық оркестрі тартылды.  Дирижер - Рүстем Қабылбай. Қоюшы режиссер - ҚР еңбегі сіңген қайраткер  Ләйлім Иманғазина, балетмейстер - ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Зәуірбек Райбаев, бас хормейстер - Әлия Темірбекова.

Дереккөз: inform.kz

Сурет: wikicity.kz

Н. Айдархан