Мүсірепов театрында «Ұмытылмас сол бір кез...» мерекелік кеші өтеді

Мүсірепов театрында «Ұмытылмас сол бір кез...» мерекелік кеші өтеді

16 қараша Ғабит Мүсірепов  атындағы  балалар  мен  жасөспірімдер театры сахнасында алғаш рет жастық шақтың мерекесі Халықаралық студенттер күніне орай «Ұмытылмас сол бір кез...» мерекелік кеші өтеді.

Әр адамның жадында ерекше естеліктермен сақталып қалар студенттік өмірдің қызықты сәттері ешқашан ұмытылмайды. Қызығы мен шыжығы мол сол бір жылдар талай әдемі де, әсерлі әңгіменің арқауы болып келеді.

Кеш барысында:

  • Театр фойесінде «Актерлардың студенттік шағына саяхат» атты фото-галерея ұйымдастырылады, әрбір студент өзінің сүйікті актерінің студенттік бейнесін көре алады.
  • Көрермен арасында «Ең белсенді көрермен» ойыны жүргізіледі. Репертуардағы қойылымнан кейіпкерді ойнату арқылы белсенді көрермен анықталып, арнайы сыйлықтар ұсынылады.
  • Театр актерлары студенттерге әсем әнмен әрленген, поэзиямен өрілген, көркем бимен көңіл көтеретін концерттік бағдарламасын ұсынады.

Басталуы: сағат 18.30-да

Сурет: yvision.kz

М. Оңғарова