Астанаға Қытай труппасы келеді

Астанаға Қытай труппасы келеді

Қытай әртістері «Астана Опера» сахнасында мазмұнды кеш қоймақ, бағларламада цирк өнерінің элементтері бар билер, төл аспапты композициядан бастап, сынзяндықпен үйлесетін заманауи электрондық музыка, сондай-ақ R&B музыкадан классикалық репертуарға дейінгі бағыттағы түрлі жанрларда жұмыс жасайтын әмбебап шеберлердің орындауындағы әндер бар.

Концерт Қазақстандағы Қытай мәдениеті күндері аясында 25 қыркүйекте өтеді. Кештің ерекшелігі - мұндай театрланған шоуды тек Қытайдың ұлттық театрында ғана көруге болады. Өнердің хас шеберлері көрермен назарына өздерінің қызық та, күрделі орындауларын, сонымен қатар қазақ халық әндерін шырқап, домбыраның құлағында ойнай алатындарын көрсетеді.

Тайюань шаһарынан келетін труппа әртістері биікке өрмелеп шығып, сальто жасап, акробатиканың небір элементтерін паш ететін жанды баурап әкететін билерін ұсынады. Аталған нөмірдің басты мақсаты – әртістердің сол сәттегі реакциясын, асқан шеберлік пен әсемдіктің үйлесімділігін көрсету.

Атақты труппаның жұлдызды құрамында Гоу Чаньчань, Ву На, Дун Фэй, Чэнь Чэнь, Абулацзян және басқалары бар. Труппа басшылығы атап өткендей, бағдарламадағы «Алыс жерден келген қонақ, осында қал» әні мен тибеттіктердің «Қырдағы гэба» биі алтыншы жастар халықаралық фестивалінде (Қытай) алтын және қола медальдар иеленген.

Халық әні мен биінің орталық ансамблі 1952 жылдың қыркүйегінде құрылған. 60 жылдық тарихы бар труппа түрлі ұлттар өнерінің жауһарларын жиып, талай дарынды әнші, биші, орындаушы, өлең авторлары мен режиссерлерін тәрбиелеп өсірді. Жалпы труппада 37 ұлыс өкілі: қазақтар, моңғолдар, хуэй, тибеттіктер, ұйғырлар, мяо, чжуан, маньчжурлар, кәрістер, ханьдықтар және басқалары бар. Өнер ұжымының негізгі мақсаты – Қытай халықтарының би-ән өнерін жандандырып, жалғастыру және дамыту.

Асығыңыз! Халықаралық фестивальға арнайы бағамен қойылған билеттер сатылымда, оларды online (BiletiAstana.kzbiletbar.kz), «Астана Опера» театрының және «Қазақстан»  ОКЗ кассаларынан сатып алуға болады.

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі

«Астана Опера» Абай атындағы МАОБТ-ты қарсы алады

М. Оңғарова