Астана Опера, Ла Скала, Сан-Карло театрларының басшылары әріптестік жөнінде меморандумға қол қойды

Астана Опера, Ла Скала, Сан-Карло театрларының басшылары әріптестік жөнінде меморандумға қол қойды

Аты аңызға айналған миландық театр гастролінің аясында «Астана Опера» театрының басшылығы Teatro alla Scala мен Teatro di San Carlo di Napoli театрларының басшыларымен әріптестік жөнінде меморандумға қол қойды. Бұл туралы Massaget.kz порталына «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі хабарлады. 

Баспасөз мәслихаты барысында театр басшылары алдағы жұмыс жайын талқылады. Осылайша La Scala мен «Астана Опера» бірігіп ағымдағы жылдың күзінде Дж. Вердидің «Аида» (қоюшы режиссері - Франко Дзеффирелли, Италия) операсының тұсауын кеседі.     

Ежелгі San Carlo опера театрының директоры Розанна Пуркиа екі жақтың гастрольмен алмасатаны жайлы айтып берді, нәтижесінде неаполитандық труппа алдағы жылы Б. Эйфманның қойылымындағы В. Моцарттың «Реквием» балетінің тұсауын кесуді жоспарлап отыр, ал «Астана Опера» театрының труппасы жауап ретінде Teatro di San Carlo-да «Күзгі Билер 2015» фестиваліне қатысады. Қос театрдың жоспарында  Г. Доницеттидің  «Lucia di Lammermoor» қойылымын бірігіп қою да бар. Аталған қойылым ерекше жарқын болады деп күтілуде, онда халықаралық деңгейдегі каст өнер көрсетпекші, қоюшы режиссері – көптеген кинематографиялық марапат иегері, «Оскар» сыйлығының үздік шетелдік фильмі бойынша номинанты – Gianni Amelio, сценографы – Nicola Rubertelli.     

Алғашқы театрлық маусым барысында «Астана Опера» әлемнің 13 жетекші театрымен әріптестік жөнінде меморандумға қол қойғанын естеріңізге сала кетейік.

La Scala театрының «Астана Операдағы» гастролінің бас демеушісі – Самұрық-Қазына.    

Баспасөз мәслихатының спикерлері:

  • Мария Ди Фреда – Teatro alla Scala директоры
  • Розанна Пуркия – Teatro di San Carlo di Napoli директоры
  • Төлеген Мұхамеджанов – «Астана Опера» театрының директоры
  • Махар Вазиев – Teatro alla Scala балетінің жетекшісі
  • Николетта Манни – Teatro alla Scala балетінің жетекші солисі
  • Антонино Сутера – Teatro alla Scala балетінің жетекші солисі

 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі

М. Оңғарова