Ғ.Мүсірепов атындағы театр Талдықорғанда өнер көрсетеді

Ғ.Мүсірепов атындағы театр Талдықорғанда өнер көрсетеді

2014 жылдың 21-24 сәуір аралығында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ұжымы Талдықорған қаласына гастрольдік сапарын жоспарлап отыр. Осыған дейін еліміздің көптеген аймағында өнер көрсеткен өнерпаздар тобы жетісулықтарға ең үздік деген қойылымдарын тарту етеді. 

Төрт күн ішінде қала тұрғындары Т.Теменовтың "Ай-Қарагөз" трагедиясын (21.04), М.Ахмановтың "Фатима" қасірет-намасын (22.04), Ж.Хаджиевтің "Жақсы кісі" драмасын (23. 04), Б.Сейітмамытұлының "Мен, ұмытылмаймын" (24. 04) лирикалық драмасын тамашалай алады.

Талдықорғанға сапар шеккелі отырған топтың арасында К.Демесін, Т.Сұлтанбердиева, К.Бельжанова, Р.Қалиолдина, Г.Қазақбаева, Р.Омар, М.Шынтаев, Ә.Иманғалиев және т.б театр әртістері бар.

Қойылымдар І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өтеді.

Жолдаған: Театрдың баспасөз қызметі