Сіз күтпеген қойылым сізді күтеді...

Сіз күтпеген қойылым сізді күтеді...

Театрсүйер қауым үшін қуанышты хабарымыз бар. Таяуда Алматы қаласында атақты "MAMMA MIA" хит-мюзиклі қойылатын болады. Жаңа бағытта жұмыс жасайтын қазақстандық "Алматы - Music" театры сіздерге бұрын соңды болмаған қойылым тарту етпекші. Аталған мюзикл АББА тобының 22 өлеңіне негізделген. 

Мюзиклдың әлемдік премьерасы 1999 жылы Лондонда өткен екен. "MAMMA MIA" сонан бері әлемнің 140 қаласында қойылып, оны 27 000 000 адам тамашалаған. Ал қазір күн сайын 18 000 адам қойылымды тамашалауға келіп тұрады. Сіздің де осындай талғампаз көрерменнің қатарына қосылуға мүмкіндігіңіз бар. Жіберіп алмаңыз!


"MAMMA MIA" – бұл қазіргі заманғы романтикалық комедия. Оқиға шуақты грек аралында орын алады. Жас Софи армандаған ақ боз атты ханзадасына күйеуге шықпақшы, тек ол үшін әкесі мехрабқа (алтарь, шіркеудің басты бөлмесі) алып баруы керек. Софиді бала кезінен Донна есімді шешесі жалғыз өсіріп келген. Енді Софиге әке керек. Күндердің күнінде Софи Али, Лиза есімді құрбыларымен шешесінің оған жүкті болған кезіндегі  күнделігін оқып, үш бірдей әкесі болуы мүмкін екенін анықтайды. Сөйтіп, жас ару үш азаматқа да тойға  шақыру қағаздарын жібереді. Олардың аттары: Сэм Кармайкл, Билл Остен, Гарри Брайт. Ал Донна болса қызының тойына ескі құрбылары Таня мен Розиды шақырады. Жиырма жыл бұрын олар "Донна" және "Дайнамо" тобының әншілері болған. Қазір "Доннаның" өз тавернасы бар, міне сол тавернада бар қызық басталмақ...

Басты рөлдерде: Софи Шеридан - Верещак Жанна, Донна Шеридан - Әйгерім Дюсембаева, Скай - Сұлтан Ертай, Сэм Кармайкл - Нарымбетов Самат, Гарри Брайт - Байжұма Жұмабек, Билл Остин - Қалдыкөз Рахымжан, Таня - Тұрсұн Жанар, Рози - Илиясова Гүлбахар.

Музыкасы: Бенни Андерсон, Бьорн Ульвеус.  Аударған: Тасболат Омаров. Қоюшы - режиссер: Филлида Ллойд, Тасболат Омаров.

"MAMMA MIA" мюзиклі 9-10 сәуір күндері Мемлекеттік Ұйғыр Музыкалық театрында қойылады.

Басталуы: 18.30-да. Билет бағасы бойынша мына нөмірлерге хабарласуларыңызға болады: +7 701 687 74 89, +7 771 412 00 15  

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: Жанна Верещак