Оқи отырыңыз

Адам тек жаңа туған кезінде, содан соң тек өлер сәтінде ғана бар күнәһарлықтан таза, ақ, адал сезімнің айдынында жүзе алады

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / Елдегі ең үздік актердың аты аталды

Елдегі ең үздік актердың аты аталды

Елдегі ең үздік актердың аты аталды

Оқырмандарымызға театр күні қарсаңында «Еңлікгүл-2014» Театр өнерінің Кәсіби Сыйлығымен марапаттау рәсімі өтетіндігін хабарлаған болатынбыз. Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының ұйымдастыруымен биыл бесінші рет өткізіліп отырған іс-шараға жылдағыдан көп халық жиналды


Алғаш болып сөз бастаған ұйым төрағасы, Қазақстанның Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов жиналған қауымға бас иіп сәлем беріп, актерлік өнердің ерекшелігі, театрдың маңыздылығы, атаулы күннің тарихы туралы бірер сөз айтып, жүрекжарды тілектерін арнады. Және аталған салтанаттың бас демеушісі «ҚазМұнайГаз» ҰК мен жарнамалық-ақпараттық қолдау көрсеткен Алматы қаласы әкімдігіне ризашылығын білдірді. Т. Жаманқұловтың айтуынша, Қазақстандағы 54 театрда 2182 актер өнер көрсетсе, жалпы қосымша қызметкерлерді санағанда театр саласында 5000 жұмысшы бар екен.

Мәдениет министрлігінің өкілі Тілеуғали Әшірбекұлы ҚР мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының құттықтау хатын оқыса, қала әкімдігінің қызметкері әкім Ахметжан Есімовтың гүл шоғы мен алғыс хатын табыстады.

Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының төрағасы ұйымға елеулі үлес қосып жүрген Қазақстанның бірнеше қаласындағы белсенді актерлардың еңбегін ерекше атап өтіп, алғыс хаттармен марапаттады. Осындай құрметке ие болғандардың қатарында Д. Ақмолда, А. Сейсенбаева, З. Ким, И. Капустин, А. Понков, Р. Өміржанов, Ж. Құрметбеков, К. Темірбайұлы, Т. Байдарбеков, Ж. Әлімбеков, А. Уәлиев, Ф. Ханафин бар.

"Еңлікгүл" сыйлығының иегерлерін атамас бұрын, ынталандыру сыйлығы берілген өнер иелерін таныстыра кетейік:

Жыл драматургі – Аширов Ахметжан

Жылдың театртанушылық мақаласы – Айжан Ахмет

Жылдың театр менеджері – Юрий Иванұлы

Жылдың музыкалық көркемдеушісі – Георгий Петрұлы

Жылдың суретші гримері – Айжанова Бесенгүл

Театр оркестрінің жыл артисі – Беккер Татьяна

Сонымен, жыл бойы театр өнері жолында маңдай терін төккен, сахна саңлақтарына құрметті "Еңлікгүл" сыйлығы да осы кеште табысталды.

Былтырғы жылдың үздігі атанған қайраткерлер 2014 жылдың үздіктерін сахна төрінде жеребе арқылы таңдады. Сыйлық төмендегі аталымдар бойынша тағайындалған:

Жыл актері – Азамат Сатыбалды

Жыл актрисасы – Людмила Нездалынова

Жыл режиссері – Света Манушкеева

Тетар өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін – Хабиба Елекбаева. Тоқсан тоғыз жастағы театр анасы ізбасарларына ыстық тілектер айтып, ақ батасын берді.

Жылдың опералық (оперетта), балеттік партиясы – Амантай Ибраев

Балаларға арналған спектакльдегі жылдың шығармашылық жұмысы – Юрий Гусарев

Жыл театр суретшісі – Бақыт Срайыров

Жеңімпаздарға 1 млн теңге көлемінде сыйақы беріліп, күміспен қапталып, алтынмен апталған "Еңлікгүл" сыйлығы табысталып, төсбелгі тағылды.

Азамат Сатыбалды, жылдың үздік актері:

– Рақмет! Бұл менің жеңісім емес, бұл сахнада маған қашанда қолдау білдіретін әріптестерімнің жеңісі, М. Әуезов театрының жеңісі. Бұл сынға ең үздіктер түскен, менімен бірге үміткер болған Қуандық Қыстықбаевтың өнерін мойындап, басымды иемін. Көріп отырғандарыңыздай, бұл жерде бап шаба ма, бақ шаба ма дегенге сай келіп отыр. Ал менің ойымша, бақ еңбекқорға, шын лайықтыға қонады. Мен үмітті ақтауға тырысамын. Жасасын, театр!

Сондай-ақ, осы сәні мен салтанаты жарасқан кеште Корей, Ұйғыр театрының өнерпаздары, "Арлан" тобы, "Інжу-Маржан" тобы өнер көрсетті.

Арнайы Massaget.kz үшін: Айгерім Сматуллаева

Қосылған күні: 28 наурыз 2014, 09:35
Пікірлер
+0
28 наурыз 2014, 09:39

Осы массагет бетінен жақсы тақырыптарды қозғаған мақалаларды ашып, оқығаннан кейін жыным қатты ұстап қалады, өріп жүрген грамматикалық қателерді айтпай-ақ, стильдік қателер, синоним сөздер қатарын тиімсіз пайдаланушылық т.б. секілді кемшіліктер менің жынымды ұстататын, бір істі қолға алдың ба, аяғына дейін ұқыптылықпен қарау керек қой негізі, қателік жібермеңіздер, мақаланы жазатын қыз-жігіттер, егер сіздерге оқырмандарыңыздың біреуі ішінде қате көп хат жіберсе, қалай болар еді, аяғына дейін оқи алмай, бір шетке ысырып тастай салар ма едіңіздер, бір сәт ойланып көріңіздерші...

+0
28 наурыз 2014, 11:03

Құрметті Балжан Усеева. Айтқан тілегіңізге рахмет айта отырып, алдағы уақытта осы бағытта жұмыс істейтіндігімізді жеткізгіміз келеді.

+0
28 наурыз 2014, 11:09

Балжан, грамматикалық қателер, расымен, көздегі теріскендей батады, бірақ, басқа айтып отырған қателеріңізді тарқатып айтып, нұқып көрсетсеңіз біз секілді оқырмандарға да жақсы сабақ болар еді.

+0
28 наурыз 2014, 11:13

"Еңілікгүл" әдемі естіледі екен, Азамат мықты!

+0
28 наурыз 2014, 13:28

Өзгелерін де, Азамат ағаны да құттықтаймын! Бұл сіздердің еренді еңбектеріңізбен келген жетістіктеріңіз...

+0
28 наурыз 2014, 13:49

Азамат жарапты

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.