Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Жұмысқа кел, жас маман!
Жұмысқа кел, жас маман!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / «Астана Операмен» бірге Наурызды атап өтейік

«Астана Операмен» бірге Наурызды атап өтейік

«Астана Операмен» бірге Наурызды атап өтейік

Наурыз мерекесі қарсаңында, 19 наурыз күні «Астана Опера» театрының камералық залында театрдың жетекші солистері мен камералық хорының қатысуымен «Наурыз-Көктем» атты концерт өтеді. Камералық залдың концертіне алғаш рет Ғалия Байғазинованың басшылық етуімен миманс труппасының әртістері қатысады.  

Концертте қазақ халық әндері, романстары мен саздары, Қазақстан композиторларының операсынан көріністер шырқалады. Көпшілік сүйіп тыңдайтын «Жар-Жар», «Тойбастар», «Гәкку» әні және басқа композициялар ұлттық опералық классиканы бағалаушылар назарына ұсынылады.

Сонымен қатар ұлттық мерекеге орай, Той бастар, отау құру, бесікке бөлеу сынды қазақтың салт-дәстүрлерінен көрініс қою жоспарлануда. Көшпенді қазақ тазалықты ұстанып, дүниеге келген сәбиді бесікке бөлеген. Осы әдет-ғұрыпты миманс әртістері көрсетеді.

Кешке қатысатындардың барлығы, концертмейстер де ұлттық киім киеді. Камералық залдың академиялық сахнасы ұлттық нақышта безендіріліп, көрермен киіз үйдің интерьерін тамашалай алады.

Музыкатанушы Маржан Жәкенова Наурыз-Көктем концерті тыңдарманға көктем, жаратылыстың жаңаруын, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтынын айтады. «Концертке «Астана Опера» театрының жетекші солистері: Дина Хамзина, Айзада Қапонова, Жаннат Бақтай, Әлфия Кәрімова, Гүлзат Дәуірбаева, Ғалия Байғазинова, Жәмиля Жарқымбаева, Бейімбет Таңарықов, Азамат Жылтыркөзов және басқалары қатысады. Кеш көрерменнің жүрегіне жететін, оларға нағыз мереке сыйлайтын мазмұнды болғалы тұр», - дейді ол.

Концерт сағат 19:30-да басталады, билет бағасы 1 500 теңгені құрайды.  

Сурет: "Астана Опера" баспасөз қызметі

Дайындаған: Анар Мұстафина

793 1
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 18 наурыз 2014, 14:31
Пікірлер
+0
18 наурыз 2014, 14:07

Киімдерін көру үшін барушы ем

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...