«Роден» балеті Алматыда алғаш рет қойылады

«Роден» балеті Алматыда алғаш рет қойылады

"Астана Опера" театрының Алматыға гастрольдік сапарының соңғы қойылымы – атақты «Роден» балеті Алматыда алғаш рет қойылады.

Психологиялық балеттің шебері – Борис Эйфман көрерменнің сана-сезімін төңкеріп, махаббат азабының жан айқайымен жылатса, енді бір көріністе күлдіретін «Роден» балетінің тұсаукесерін 10 ақпанда Алматыда көпшілік назарына ұсынады. Басты партияларды орындайтын «Астана Опера» балетінің жетекші солистері: Әйгерім Бекетаева, Жәнібек Иманқұлов пен Әнел Рүстемова.

Балет атақты мүсінші Огюст Роденнің шәкірті Камилла Клодельдің психиатриялық ауруханада жатқан көрінісінен басталады. Жас әрі талантты Камилланың маңдайына махаббат үшбұрышына тап болу жазылыпты, оның тағдыры мен махаббатының трагедиясы да осыда. Құштарлық, өшпенділік, қызғаныш, кәсіптік тұрғыда жолы болмау жас қыздың сағын сындырып, нәтижесінде оның өмірі есі ауысқандардың ауруханасынан бірақ шығаратын жазғыздықпен қайғылы аяқталады. Роден болса шығармашылығы үшін Жер бетіндегі басты нәрселер махаббат, адам бақыты, денсаулық, жан тыныштығын құрбан етеді. Роден мен Клодельдің қолынан шыққан жауһарлар ондаған жылдар бойы миллиондаған адамды таң қалдырумен келеді. Алайда ұлы шеберлердің шығармашылық сахнасының арғы жағында жеке өмірлері қандай қайғыға толы болғанына екінің бірі ойлана бермейді.

Балет толықтай өмірдің өткені мен бүгінгі көріністерінен өрілген. Роден мен Камилланың шығармашылықта бірігіп, асқақ махаббаттың жанға батқан айқайының көріністері спектакльді адам айтқысыз еліктіргіш етеді. Жүзім жинайтын көркем сәттер, «Канкан» биі аталған балеттің тағы бір қыры – шаттық, қуаныш пен өмірге деген үміт беретін тұсын ашады.

Роденнің некедегі әйелі Роза Бораға бөлек сюжет желісі арналған. Күнделікті өмірде кездесетін жағдай – көңілі басқаға ауған күйеуінің қылығына көз жұмған ол, отбасының берекесін қашырмай, жарына сүйеу болуын жалғастырады.

Балеттің басталуы сағат 19:00-де, билет бағасы 1 500 бен 5 000 теңге аралығында. 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі

С. А