Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / «Қызыл Жизель» - балет жайлы балет

«Қызыл Жизель» - балет жайлы балет

«Қызыл Жизель» - балет жайлы балет

Ресейдің әйгілі балетмейстері Борис Эйфман қойған «Қызыл Жизель» балеті орыс балеринасы Ольга Спесивцеваның қайғылы өмірін бейнелейді.

Ольга Спесивцева

Танымал орыс балеринасы Ольга Спесивцева жиырмасыншы ғасырдың басында Ресей Империясына «қызылдардың» келуіне орай балет өнері қажетсіз болып, шетел асуына бел буады. Ресейде сүйіктісін тастап, Мариин театры сияқты үлкен театрларда прима балерина болып, биіктен көріне білсе де, туған жеріне, сүйіктісіне деген сағыныш, кейін өміріндегі келеңсіз жағдайлар оның психикасының ауытқуына әкеп соғады.

Бір кездері есімі елге танымал болған балерина қалған өмірін жалғыздықта, алғашында психикалық ауруханада, кейін қарттар үйінде өткізген екен. Халық актрисасы ең соңғы рет өнерін “Жизель” қойылымында көрсеткен. Өз елінде құрметтелмей, соңғы күндерін осылай өткізуге мәжбүр болғанына қынжылған балетмейстер Борис Эйфман оның құрметіне осы керемет туындыны дүниеге әкелген.

Спесивцеваның мысалында большевиктердің келуімен интеллигенцияның қайғысын жете сезінуге болады. Режиссер адамның қайғысын, психологиясын суреттейтін көріністерді небір контрастардан беріп, жақсы ойластырған. Әсіресе ішкі жан қиналысын жеткізетін хореографиялық тапқырлық – бәрі де балеттің жоғары деңгейде қойылғанын айқындайды.

"Қызыл Жизель" – мәнерлі, әдемі хореографиямен әрленген жаңаша стильді балет. Абай атындағы Опера және Балет театрында 2010 жылдың қазан айында премьерасы болып, осы күнге дейін үлкен аншлагпен өтеді. Басты рөлдерде Айнұр Әбілғазина, Дәурен Жеңіс, Нұрлан Байбосынов, Фархад Буриев, Руслан Қадыров сынды әртістер ойнайды.

Суреттер: tengrinews.kz, nur.kz, yvi.kz, liveinternet.ru

1650 3
Рейтинг: +2

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 27 сәуір 2012, 15:52
Пікірлер
+0
27 сәуір 2012, 16:48

Керемет балет! Бұл балеттің кереметтігін суреттеуге сөз де жетпейді. Уақыт болса барып, қараңыздар!

+0
28 сәуір 2012, 09:51

Астанаға Большой театр келгенде барып едік!! Тамаша, сөз жоқ!!!

+0
04 мамыр 2012, 00:20

маған балет қатты ұнайды. Әсіресе аққулар көлі :D :D :D Қызыл Жизель де жақсы екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...