Алматыдағы ұлан-асыр Гала-концертті әркім көруі тиіс

Алматыдағы ұлан-асыр Гала-концертті әркім көруі тиіс

Әлемдегі ең жас «Астана Опера» опера және балет театры көпшілік назарына «Театрдың өмірге келуі» атты ұлан-асыр Гала-концерт ұсынады. Концерт «Астана Операның» жетекші солистері мен шығармашылық ұжымы қатысуымен 6 ақпанда Абай атындағы театр сахнасында өтеді. Көрерменді бейнелі әсер беретін театрланған шоу күтіп тұр.  

Концертте Жаннат Бақтай, Жан Тәпин, Дина Хамзина, Талғат Мұсабаев, Сүндет Байғожин, Әлфия Кәрімова, Медет Шотабаев, Салтанат Ахметова және басқа опера сахнасының шеберлері өнер көрсетеді.

«Біз Гала-концертте солистеріміздің барлығын қамтуға тырыса отырып Дж. Пуччинидің «Тоска» сынды опералардың көрінісінен, К. Орфтың «Кармина Бурана» кантатасының үзінділерінен ауқымды монументалдық көріністерді қоямыз. Концерттің басты тұжырымдамасы – Театрдың өмірге келуі. Концерт жас «Астана Опера» театрының қырларын ашуға бағытталған», – дейді «Астана Опера» театрының музыкалық жетекшісі Абзал Мұхитдинов.

«Астана Опера» опералық труппасының көркемдік жетекшісі Гюзель Хайбулина Гала-концерт адам қиялын қайран қалдыруы керектігін айтты. «Біз көрерменнің сүйікті номерлерімен қатар Алматы қаласында бұрын-соңды шырқалмаған немесе өте сирек орындалатын туындыларды көрсетеміз. Театрдың шығармашылық ұжымы шығармаларды өзге пішімде әзірледі. Мысалы, балет труппасы классикалық Гран Паны солистердің бір жұбы емес, төртеуі билейтін қызық әрі  өзіндік ерекшелігі бар хореографиялық қойылымын ұсынады. Концерттің пішімі театрланған шоуға сай келеді, бұл әдеттегі гала-концерттегідей дауыстар шеруі емес», – деп атап өтті Г.Хайбулина.

Гюзель Хайбулина театрдың XX ғасырдағы әртүрлі бағыттағы, әртүрлі стильдегі опералық партияларды «Астана Опера» солистері қиналмай-ақ орындайтынын көрсеткісі келетінін жеткізді. «Театрдың негізгі ұжымы – оркестрдің, хордың, кордебалеттің, балеттің жарқыраған солистерінің рөлі өте маңызды, олар театрдың шығармашылық әлеуетінің іргетасы әрі кепілі болып табылады. Біз үшін көрерменнің қалай қабылдайтыны өте маңызды, себебі Алматылықтардың талғамы жоғары, кейді тіпті талғампаз келеді десек артық айтпағандық болар, әрине бұған біздің талантты әншілеріміз дайын. Алматының ұстаздары болмаса, Астанадағы оқушылар да болмас еді. Сол себепті қара шаңырақта өнер көрсету біз үшін ұстаздарға деген алғысымызды білдіріп, осы театрдың тарихына тағзым ету. Бізге вокал мектебінің дәстүрін сақтап, серіктестікті жалғастырған маңызды», – деп жалғастырды сөзін Гюзель Хайбулина.

Гала-концертте сондай-ақ «Астана Опера» балетінің жұлдыздары: Әйгерім Бекетаева, Тайыр Гатауов, Мәдина Баспаева, Рүстем Сейітбеков, Гауһар Усина, Сержан Кәуіков, Әнел Рүстемова, Досжан Табылды, Арман Оразов, Бақтияр Адамжан, Еркін Рахматуллаев және басқалары өнер көрсетеді. Солистер Л. Минкустың «Дон Кихот» балетінен Гран Па және теардың басқа да ең жақсы спектакльдерінен жарқын көріністерді орындайды. 

Концертке «Астана Опера» театрының Симфониялық оркестрі және Хоры қатысады. Дирижер – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов.

Гала-концерттің басталуы 19:00, билет бағасы 1 000-нан 4 000 теңгеге дейін.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі

С. А